Читать книгу: «Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап», страница 5

Шрифт:

– Сапақ мен енді екінші рет қайталап айтпаймын, қажет болса күшпен де аламын. Қазақ заңы да, орыс заңы да мені жақтайды. Өйткені, сен салықты да дұрыс төлемей отырсың!

Оның мына сөзінен Сапақтың жақын туысқаны Баймырза қорқып кетті де:

– Сұлтан күш көрсетудің қажеті жоқ. Онсыз да береміз ғой.

Сапақтың немере ағасының бұл сөзі қорытынды сөздей болды. Қоңырқұлжа бұдан артық сөз естігісі келмеді, орнынан тұра бастап еді. Елдің бәрі де сұлтан тұрған соң ду көтерілді.

Сұлтан енді үш мың жылқыны өз қотанында көргендей болды. Көңілді еді. Пәуескесіне қарай беттеді. Сыртқа шыққан соң Шоң сұлтанға оңашалап айтқан:

– Аға бабамның жетісін беріп біржола қайтсам, деп едім. Сіз оған қалай қарайсыз?

Сұлтан қарсы келген жоқ, Шоңның бұл тілегін мақұлдаған еді.

Сұлтан кеткен соң бәрі қайыра үйге кіргенде Сапақ шу шығарды.

– Әлгінің сөзіне қарашы, баласын тура мен өлтіргендей менің мойныма артып қойғанын.

Баймырза да енді басқаша сөйлей бастады.

– Біздің ағайынның өлтіргенін ешкім көріп тұрған жоқ. Сондықтан құнды осы отырған Тоқалар бірігіп төлеуіміз керек.

Бұл сөз жиналғандардың көңілінен шықпай қалды да, өйткенмен Баймырзаның мына сөзіне қарсы келген жоқ. Бұл мақұлдағанның белгісі еді. Елдің арасынан Таубай батыр тағы сөйлеп көңілдегісін айтқан:

– Менің Қоңырқұлжаға беретін бір малым жоқ. Әлгінде Сапақтың мойнына артып кетті ғой, сол төлесін! Мен бір мал бермеймін, ар жағын өздерің білесіңдер…

Сол арада өзі де қатты ашуланып отырған Сапақтың ашуы қозып кетті де.

– Сен бермесең берме. Орыстардың түрмесіне барып жатасың.

Таубай оның мына сөзіне ләм деместен шығып кетті. Сапақ қатты ашуланып қалды.

– Ана шалды шақырыңдаршы!

Есікке таяу отырған біреу сыртқа шығып айтқан еді, Таубай оніп қалған.

Қайтып келмегеніне Сапақ ышдай алмай:

– Мен олардың барлық жылқысын тартып аламын.

Осы арада сөзге Телқозы араласып:

– Сапеке, олардың мыңнан артық жылқысы жоқ. Оны айдап алған соң олар сіздерге, бізге маза бермейді. Он-жиырма есе етіп қайтарады. Олар сондай дауды табаалмай отыр.

Мына сөзден кейін Сапақтың айтар сөзі болмай қалды. Ол да Елгелділердің есесін жібермейтінін біліп отыр еді. Телқозының мына сөзі оған ескерту тәрізді естілді. Содан кейін ызасы келген Сапақ:

– Сонда менің үш мың жылқыны төлеуім керек пе?

– Үш мың жылқыны сіз төлемейсіз, осында отырған Тоқалар жиналып төлейміз. – Бұл Аққошқар руының атақты бір байының айтқан сөзі еді. Құттыбайлар тұқымына құдандал еді. Содан кейін осы сөзді айтып отырған. Мына сөз Сапақтың көңілінен шықты. Содан үндемей кеткен еді.

Арада бір жұма өткен соң қайыра Жанкелдінің жетісіне Тоқалар жиналды. Қоңырқұлжа жіберген болуы керек, Қабай жетіп келді. Құдайы біткен соң ол Тоқалардың біразын алып қалып дастархан басында сөз бастады:

– Сұлтанның айтып кеткені жай сөз емес. Айтқан жылқыларды қашан апарасыңдар?

– Сапақ отырып:

– Бұлсұлтанның Құттыбайлар руына ғана қойып отырған кінәсі емес. Бүкіл Тоқаларға Қойып отыр. Сондықтан бес жүз жылқыны мен берейін. Басқасын өздерің ақылдасып беріңдер.

– Ол жағын мен білмеймін. Бірақ сұлтанға берген сөздеріңіз аяқсыз қалмасын. Ертең-бүрсікүнге созабермеңдер. Жылдамдатыңдар! деді Қабай.

Осымен сөз біткендей болды. Ел енді Қоңырқұлжа да айтқанынан қайтпайтынын, Сапақ та көнбейтінін білді. Содан кейін Тоқалар жылқыларды жинап беруге келіскен еді. Бұл сөз Таубай батырдың көңілінен шықпады, өздеріңіз бере беріңдер. Ал мен Қоңырқұлжаға бір жылқы да бермеймін. Алса күшпен Елгелділердің жылқысын айдап алсын. Ар жағы бізде көреміз, -деді.

Дау қайтадан басталып кетті. Дауды Қабай басты:

– Бір Елгелдіде тұрған ештеңе жоқ. Басқаларың берсеңдер болды. Ал, оның еесесін кейін сұлтанның өзі қайтарады, деді болыс.

Бұл сөзінде қорқыту бар еді. Таубай батыр бұған мән бермеді. Сыртқа шығып кеткен болатын. Соңғы кезде қатты ауырып жүрген. Ол кезде қазақ арасында мініп жүрген атын жақсы көретін адамына беретін дәстүр бар еді. Оны шығарып салуға артынан Шоң да, одан кейін Телқозыда шыққан еді. Таубай батыр тұрып сөз бастаған еді:

– Мен де Жанкелді артынан таяу уақытта баратынымды сезіп жүрмін. Сен менің мына атымды көзімдей көріп мініп жүр. Шоңға ат тізгінін ұстатқан еді.

– Тауке, аға, өткен жолы бір тай бердіңіз. Сол жетеді. Мен сіздің мен сіздің мініп жүрген атыңызды алмаймын.

– Бұл Көкбесті тьұқымының ішіндегі ең жүйрігі осы ит. Осыны менің көзімдей көріп мініп жүр.

Шоң да Көкбестінің тұқымына қызығып тұр еді. Бірақ мына қартайған адамды атынан түсіріп алғандай көрінді де:

– Жоқ, Тауке аға, мен алмаймын. Кейін көрерміз.

Таубай Шоңның мына сөзін түсіне қалып турасына көшкен еді:

– Мен өлсем, анау сегіз сары саған бермей қоюы мүмкін. Менің тірі кезімде өз қолымнан ал.

Бұлардың сөзін тыңдар тұрған Телқозы айтқан еді.

– Таукең кім көрінгенге мініпе жүрген атын бермейді. Саған ырым етіп беріп тұр. Таукеңе, мен өзімнің мініп жүрген атымды беремін. Күміс ертоқымды бір жүйрік атын алып келді.

Ақыры Шоң Таубай мен әкесінің айтқанын орындады. Телқозы кетіп бара жатқан Таубайға айтқан болатын:

– Тауке, мен есептеп қойдым. Әр атадан үш-бес жылқыдан келеді екен. Сізге тиесілі жылқыны мен берейін…

Сен Телқозы оны жасама. Олай етсең мен саған өкпелеймін. Баласының өлгеніне пәлен жыл өткеннен кейін құн сұрап тұрған Қоңырқұлжаның мұнысы ешқандай қазақи тәртіпке жатпайды. Бұл бізді басынып жасап тұрғаны…

Маған салсаңдар бір жылқыда бермеңдер, – деген еді Таубай.

Таубай өзінің мініп жүрген атын Шоңға қалдырып, Телқозы берген атты мініп кетіп қалған. Оңаша қалған Телқозы Шоңға:

Сен Шоң мына айғырды маған тастап кет. Билерге салы тұқым алайын, – деді.

– Таукең, сізге биелерге салуға берген жоқ. Маған мініп жүруге бердіғой. Сол жолы әкесінің айтқанын тыңдамай атқа мініп кеткен еді.

Түнделетіп Қараағаштан шығып, жолда ешқайда тоқтамастан жүріп кеткен. Содан шауып отырды. Таң атпай Ақмолаға келген еді. Шоң атының баяғыдағы көкқасқадай жүйрік екеніне көз жеткендей болды. Өзінің ммініп жүрген аттарын ылғи Табристің атқорасының үйреншікті жеріне қоятын. Суытуға қойып еді, таңертең келсе Жәмке әдеттегідей аттардысуарып жүр екен. Шоң оған айтты:

– Сенің туысқаның маған жүйрік атын атап тағы берді, деді.

– Ол кім? – деді Жәмке анықтап алғысы келіп.

– Таукеңді айтамын.

– Немене, ол саған туысқан емес пе?

Шоң байқаусызда артықтау сөйлеп қойғанын енді сезіп, үндемей қалды. Шоң біреуден жеңілгенді ұнатпайтын. Сонысына салып:

– Таукең менен гөрі саған жақын ғой, сосын айтып тұрмын.

– Шоң бөлінбейік. Ерназар мен Елгелдіні бөлме.

Шоң Жәмкенің мына сөзінде дұрыстық бар екенін біліп үндемей қалды. Бұл айтқаны дұрыс деп ойлаған іштей.

Араға бір жұма салып Сапақ бастаған бір топ Тоқалар уәде еткен жылқыларын айдап әкеп берді. Қоңырқұлжа оларды үйінде дастархан жасатып жақсылап қарсы алды.

Дастархан басында Сапақ айтқан еді:

– Сұлтеке, осы жылқының төрттен бірін мен өзім шығардым. Турасын айтқанда, біздің тұқымның сіздің балаңыздың өліміне ешқандай қатысы жоқ. Сіздің көңіліңізді қимай әкеліп отырмын. —Сапақ Таубайға Көкбестінің тұқымынан бір жүйрікті сатпағанынан өкпелі еді. Және өткен жолы сөзі бар. Таубай мен сұлтан арасында от жағу үшін айтқан, анау Таубай батыр бір жылқы берген жоқ.

Мына сөзді естіген Телқозы:

– Отыз желком Елгелділер үшін мен бердім.

Қоңырқұлжа «отыз желком» деген сөзге таңқалып:

– Неге оларды отызжелком дейсің?

– Олар әуелден кедей, аталарымыз содан кейін солай атап кеткен.

– Қанша кедей болса да үш жылқыда тұрған ештеңе жоқ. Ол Елгелді мені сыйламай отыр ғой. Олай болса оны қорқытып біраз күн түрмеге жауып қояйын.

Ол кезде Ақмолада орыстардың түрмесі салынған еді. Соны Қоңырқұлжа да пайдаланып өзіне ұнамаған адамдарды жапқызып қоятын. Шоң сұлтанның аузынан мына сөзді естіп қорқып кетті. Ақмола қалаға айналғалы онда түрме болғалы Қоңырқұлжа өзіне ұнамаған талай қазақтарды жауып қойғызатын еді. Бұрын қазақ арасында түрме болмайтын. Түрме сөзі қазаққа орыстармен бірге келген еді. Ондатүскендері орыстардың жақсылап тұрып ұратындарын қамауға түскендер айтып жүретін. Ел содан жаман қорқатын. Соңғы кездері сұлтан алдында еркін сөйлейтін болған Шоң:

– Аға, олкісі әр күнін санап отырған адам, қалай жабасыз?

Сапақ отырып:

– Ол ауру болса баллары бар. Солардың бірін жабу керек. Олай етпесе болмайды. Отыз желкомдар әбден басынып алды. Әйтпесе, үш жылқыда не тұр?

– Осы арада Телқозы сөзге араласып:

– Ол шалға ол көп емес. Ертеңгі күні күнін санап отырған Тоқаның бір шалын түрмеге жауып қойды сөзі сізге де, бізге де жақсы атақ әкелмес. Оның қажеті жоқ.

– Менің айтып отырғаным ол шал емес, балаларының бірін дедім ғой, деді Сапақ болмай.

– Ертеңгі күні сұлтанға да сөз келеді. Мұның қажеті жоқ, деді Телқозы қайталап айтып. Қоңырқұлжа да мына Сапақ ана шалды өзін түрмеге жапқызып өшін алмақшы екенін түсіне қалып:

– Расында, ол шалды жаппаған соң, балаларының қажеті қанша! —Мына сөзден кейін айтары болмағандай Сапақ та үндемей қалған. Осымен сөз біткендей болды.

Телқозының да, Сапақтың да Қоңырқұлжаүйінен көңілдері көтеріліп қайтты. Екеуіне де сұлтан орыстың қымбат кездемесінен бір-бір шапан кигізген еді. Қара қазақтар хан тұқымы түгілі, төрелерден де мұндай шапан кигізген еді. Қара қазақтар хан тұқымы түгілі, төрелерден де мұндай шапан кимейтін. Екеуі де бір жиынға, тойға барғанда әрқашан Қоңырқұлжа берген шапанды киіп жүретін, сұлтан бергенін мақтанышпен айтып отыратын.

Дуанда болып жатқан өзгерістер

Жасы келген Қоңырқұлжаны ауру айналдыра бастады. Сұлтан апталап кеңсеге бармай жатып қалатындышығарды. Тоболдан, Баты Сібір генерал губернаторы жанындағы осы Ақмола уезінің бақылаушысы Карбышевтің келуі жиіледі. Ел арасында өсек тарай бастады. Ел арасында Қоңырқұлжаның орнына Карбышев тұрадыдеген сөз айтылып жүрді. Шоң мұны шындыққа жақын екенін уақыт өткен сайын сезе бастады. Өйткені, басқа дуандарға қазақтар, төрелер орнына ояздыққа орыстар келіп жатқан болатын. Губернатор патша алдындағы Қоңырқұлжа беделін сыйлай ма, әзірге мазаламай жүрген. Дегенмен, Карбышевтің келуінде бір сыр барын, бір мән барын Шоң да білді. Карбышевтің Қоңырқұлжамен көңілдері жақын еді. Бір кезде оның әкесі Иван Ақмола бекінісінің бастағы болған. Кенесарымен соғыста жараланып қайтыс болған. Ол кезде бұл баласы Омбының кадеттер дайындайтын мектебіне жаңа ғана түскен кезі еді. Әкесі өлегн соң генерал-губернатор, князь В.Д.Горшаков баласын қарамағына қызметке алған еді. Ол губернатор жанындағы дуандардың өкілі болатын. Ақмолада қандай шаруа болмасын оның араласуынсыз шешілмейтін. Сондықтан да Карбышев айына кем дегенде бір рет Ақмолаға келіп жүретін.

Мұнда әкесінің салдырған үйі бар болатын. Кенесары талқнадап кеткеннен соң, оын баласы қалпына келтірген. Шешесі, қарындасымен інісі тұрып жатқан. Кенесарымен соғыс кезінде оларды Қоңырқұлжа ретін тауып тығып қойған. Кейін оларды Карбышев мына қалың төрелермен, қазақтан аулақтау үшін Омбыға көшіріп әкеткен.

Карбышев әкесі өлгеннен кейін үйін ғана емес, шаруашылығын да ретке келтірген. Біраз мал да жинап алған. Оларға қамқор болып отырған Қоңырқұлжа еді. Қоңырқұлжамен әкесінің көңілдері жарасқан достар еді. Баласы мен сұлтанның да арасында сондай сыйластық орнаған еді.

Соңғы кезде Карбышевтің келуі тіптен жи іледі. Алайда, дуанды уезге айналдыру туралы әлі сөз болған жоқ еді. Сұлтан маңайындағы дуандар уезге айналып жатса даөзі тірі тұрғанда тиіспейтініне сенімді еді. Өйткені, анада бір Карбышевтен сұрағанда ол, Қоңырқұлжа Құдаймендинович сізге тисіпейді ғой, сіздің еңбегіңізді жоғары жақ бағалайды сияқты сөз айтқан. Мына сөз өз ойынан дәл шықты, уезге айналдырса да өз орнында қалатынына сенімі мол еді. Сұлтанның бір қаупі айналасындағы уезге айналған бұрвнғв дуандарға орыстарды қойып жатыр. Карбышев келген сайын Қоңырқұлжаға жолығып сағаттар бойы оңаша әңгімелесетін. Шоң бұ үйде тұрғанмен сұлтан мен губернатор өкілінің бір отырысына қатысқан емес. Сұлтан ең ақыры күйеу баласы Ыбырайды да қатыстырмайтын. Әрқашан Қоңырқұлжа мен Карбышевтің әңгімелері оңаша өтетін.

Соңғы бір келгенде Қаниса отырғанда дастархан басында Карбышев Қоңырқұлжаға айтқан:

Қоңырқұлжа Құдаймендинович сіз аурусыз, орныңызға басқабіреуді қоюыңыз керек. Сол арқылы дуанды басқарасыз – деген еді.

Мына сөз жаман әсер етті, сұлтан үндемей біраз отырып қалды. Карбышев те оны асықтырмай жайылған дастарханнан тамақ ішіп өзжайымен, тіл қатпай отыра берді. Дегенмен, екеуінің арасындааңдысу бар еді. Қоңырқұлжа не дерін білмей отыр, ал Карбышев болса оның не айтатынын күтуде еді.

Қоңырқұлжаның ойы орнына баласы Бекәліні қою болатын. Бұл кезде ол жаста болса Айқожа-Қарпық болысы болып бірнеше жыл істеп, кейін Карбышевтің көмегімен Омбыға барып оқуға түскен. Бекәлінің көп пара алып көзге түскенін Карбышев жақсы білетін. Нұра Тоқалары үстінен жоғары жаққа сан арыз жазған. Губернатор содан кейін оны орнынан шығартқан. Бекәлі Карбышевтің күшімен орысшасы нашар болса да Омбыға барып Төре балалары оқып жүрген әскери мектепке түскен еді. Қазір сонда оқып жатқан.

Қоңырқұлжа біраз үнсіз отырып барып айтқан, менің орныма Бекәліні қоюды жоғары жақтан сұрасақ қайтеді?

Қоңырқұлжаның мұнысы далбаса екенін, қазақ жерінде уездер құрылуына байланысты төрелерден де, қазақтардан да бұл жұмысқа адам қоймайтынын Карбышев білетін. Аға сұлтанның аузынан мынандай сөз естіп Карбышев:

– Сіз Бекәліні әуре етпеңіз, ол Омбыдағы оқуын бітірсін, оынң жағдайын кейін ойластырып жатармыз, -деді. Дуан басы етіп сіздің күйеу балаңыз Ыбырайды тағайындайық. —Карбышев Ақмола дуанын тарататынын біліп отыр еді, Қоңылқұлжа ауырып жатқалы күйеу баласы Ыбырай Жайықбаев басқаратын. Карбышев оның уақытша отырғнанын жақсы білетін. Губернатор патша алдында еңбегі бар аға сұлтанды ренжіткісі келмей отырғанын жақсы білетін. Оның денсаулығының нашар екенін губернатор да Карбышев арқылы біліп отырған еді. Бұл Ақмола дуанының әзірге уезге айналмай тұрғаны патшаға жақсы қызмет атқарған сұлтанның көңіліне қарау болатын.

Карбышевтің әйелінің ағасы губернатор қарамағында бір мықты жұмыс атқаратын. Сол да губернатор құлағына Семендіжіберудің бастығының құлағына салып қойып жүрген. Соның да сөзі себеп болды ма, губернатор бірде Карбышевтің өзіне айтқан, сен өзіңнің туған жерің Ақмола уезіне оязболып барсаң қайтеді. Бұл қызметке баруға тілек білдірушілер орыстар арасында көп болатын. Өңкей киргиздардың арасында орталықтан алыстау жерде жақсы өмір болатынын басқалар да түсінетін. Онда еркін қимылдау Омбыда, Тоболдан шалғайда жатқан жерде әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ екенін білетін. Карбышев те талай адамдардың барғысы келетін біліп жүрген. Ақмола Приказын Семеннан артық ешкім жақсы білмейтінін губернатор да түсінетін еді. Және оқу бітіргелі сонда губернатордың бақылаушысы болып істейтін. Әжептәуір, киргизшасы барын да білетін. Губерниядағы өзінің сыйлайтын адамы тілек етіп отырғаннан соң да Карбышевті лайық деп тапқан. Бұл сөз Карбышевтің де көңілінен шығып соған дайындалып жүрген. Ол әлі генерал-губернатордың айтқанын Қоңырқұлжаға да, басқа төрелерге де, әзірге ешкімге айтпаған. Сұлтанның көңілін қалдырмай жасауды ойлады. Ал, енді мына Қоңырқұлжа баласын айтып отыр. Егер Бекәлі дуан басы етіп тағайындалса оның арты шуға айналып кететінін сезіп отырған. Өзі келген соң, ол орынбасары болады. Ол өзінің жұмысына араласып есін шығаратынын білетін. Сондықтан Карбышев оның бұл жаққа келуін қаламайтын. Ертеңгі күні ешқандай сөзге түсінбейтін, кеуделі Бекәлі менің әкем осы Приказнойды басқарғанын айтып дау шығарып, бас артық шаруа жасайтынын да түсінген. Сондықтан оған барғысы келмеді. Ал Ыбырайды шығарып тастау оңай болатындай көрінді өзіне.

Әлгі Ыбырай жайлы сөзді ауру Қоңырқұлжаны ренжітпеу үшін айтып отырған еді. Бұл кезде орыстар басып алған жерлердің бәріне дуан орнына уезд құрып бітуге жақындаған. Саусақпен санарлықтай дуандар қалған еді. Губернатордың әзірге ұстап отырғандары хан тұқымдары Көкшетау жақтағы Шыңғыс пен осы Ақмоладағы Қоңырқұлжа ғана еді. Өйткені, Кенесарымен соғыс кезінде екеуіде патшаға адал беріліп қызмет екен. Олардың сонысын жоғарыда отырған патшадан бастап губернаторға дейін қадірлейтін. Карбышев сырқат Қоңырқұлжаны ренжітпеуді ойластырып отырғананын губернатор бастығының саясатын жақсы білетін. Карбышевтің Ыбырайды қояйық деуі қулығы еді. Карбышев губернаторымен ақылдасып әзірге оның орнына күйеу баласын қоюға келіскен. Губернатор онысын жөнге бағалап, солай болсынды айтқан. Бұл Ақмолаға біржола уезд бастығы болып келу алдындағы дайындығы еді. Карбышев Ыбырайды қояйық дегенде Қоңырқұлжа ренжіп қалған. Күйеу баладан гөрі іштен шыққан баласын тағайындауды лайық санап, көңілі баласына қарай бұрылып отырған. Осы арада оған Карбышев дәлелді сылтау айтып кеткен, енді бұдан былай ел басқаруға оқыған адамдарды ғана қояды. Сондықтан, Бекәлі оқуын бітіріп алсын. Ондағы ойы Бекәліні бұл жаққа жуытпау болатын. Бекәлінің де арманы анау ағасы тәрізді орысша оқып орыстардың үлкен қалаларының біреуіне тұру болатын. Осы орыс тілін білмеуінен өзі қанша қиындық көріп жүргенін ол да білетін. Анау жылдары әкесіне де Омбыға барғысы келетінін сан рет айтқан, бірақол кезде сұлтан оның мұнысын қаламаған. Баласының болыс болғанын ұнататын. Бекәлі Карбышев арқасында өз арманына жеткен. Бекәлі қазір күндіз-түні жатпай-тұрмай орыс тілін үйренуде еді. Ол биікке шығудың бір жолы орыс тілінде жатқанын білетін.

Бекәлі Омбыда оқып жүргенде сұлтан үйінде осындай әңгіме болып жатқан. Карбышевтің мына айтқаны қанша тілегінен шықпай тұрса да сұлтан ақыры, Ыбырайды қоюға келіскен. Өзінен күш кете бастаған сұлтан Карбышевтен сұраған еді.

– Генерал-губернатор осы дуандарды неге уезге айналдырып жатыр. Оған орыстарды қойып жатыр. Төрелерді басшылықтан қуудың амалы ма бұл? Төрелердің бәрі патшаға қарсы шыққан жоқ. Сол патшаны қолдаған еңбегімді бағалауы керек ғой.

Карбышевтің найза бойламайтын қулығы бар еді.

Сонысына салды:

– Қоңырқұлжа Құдайменмендинович бұл мәселе уақытша жұмыс. Жергілікті жерде тұратын қазақтар дуан басшылары пара аладыны жазатын көрінеді. Соған байланысты уақытша жасап отырғандары ғой, кейін бәрі орнына келеді.

– Қоңырқұлжаның ауруы қатты екенін, азөмірі қалғанын білетін. Алдында Карбышев Қоңырқұлжаны емдейтін дәрігерден сұрап білгенде, ол оның ауруы сүйек рагі екенін айтқан. Карбышев сұлтанның о дүниеге ренжімей кетуін ойластырып жүр еді.

Бұл сөз сұлтанның көңілінен шықпады.

– Сонда орыс шенеуніктері алмай ма? Осында жер, жайылым дауын тексеріп келген олар сан рет пара алған. Мен оны мына көзіммен көрдім. Сол туралы патшаның өзіне жазсам қайтеді?

– Сіз оған түк жасай алмайсыз. Бұл патшаның жүргізіп отырған саясаты…

Мына сөзді естігенде сұлтанның өн-бойын бір ашу жайлап кетті. Ашуды зорға басып сұлтан былай деді:

Мен өзімді ойлап отырғаным жоқ, келешекті ойлап отырмын. Менің орыныма Жәнілдә, болмаса Бекәлінің қалғанын қалаймын.

– Қоңырқұлжа Құдаймендинович, аумалы-төкпелі дүние. Амандық болса сіздің ойлағаныңыз да болып қалар, бірақ сіз асықпаңыз. Артын күтіңіз.

Карбышевтің мына айтқаны көңілінен шықпай тұрса да, Кенесары соғысы кезіндегі еңбегін ұмытпайтынына патшаға сенімді еді, ол. Қоңырқұлжа орыс саясатын әлі толық түсінбейтін.

Карбышевта Қоңырқұлжаның еңбегін қатты бағалайтын, әкесі өлген кезде соң шешесі, інісі және қарындасына қамқорлықжасап, қанаттыға қақтырмай, ауыздыға шоқтырмай дегендей күйде ұстаған осы адам болатын. Оны жақсы білетін. Әйтпесе, оларды құртып жіберетін төрелер де табылатын еді. Оның бәрін Карбышев жақсы ұғып алған. Бала кезінде өмірі осы Ақмола бекінісінде өткен оның тірлігі басқа орыстардан өзгелеу еді. Жергілікті халыққа үйренген.

Солардың салт-дәстүрін жақсы білетін. Қоңырқұлжаға ағайындас адамның екі қызы бар еді. Әке-шешесі өлген, өзіне жиен болып есептелетін, олар осы Ақмола бекетінің іргесінде тұратын. Карбышевпен туыс болу үшін, бірін ал деген. Ол он беске жаңа ғана келген жасын алған. Оларда әке-шеше жоқ, сұлтанды сыйлайтын өздеріне қамқоршы болып жүрген адамға қарсы келе алмады. Бір жағынан сұлтанның мінезін білетін қорқатын, қаймығатын. Ішкі ойларын білмей, сұлтанның айтқанына келіскен. Қыз Карбышевтің көңілінен шығып қазір заңды әйеліне айналған. Бірақ бұл құпияны Карбышев Омбы жаққа білдірмейтін. Ол жақта өзінен кәрілеу әйелі бар болатын. Оның туысқандары үлкен қызметте болғандықтан кезінде күні үшін алған еді. Әйтпесе, өзінен біраз жас үлкен орыс әйелін сүймейтін. Одан және бала да жоқ болатын.

Қай жағынан болмасын Қоңырқұлжа Карбышевті өзіне тарту жағын қазақшылықжолмен осылай ойластырып баққан. Пәлен жүзжылқыны Сібірге айдалған қазақтардан тартып әперген. Бір сөзбен айтқанда, Карбышев сұлтанға қарыздар еді. Қоңырқұлжаның Карбышевке еркін, өктем, ашық сөйлеуінің бір сыры осында жатыр еді.

Сұлтан өзінің орнына баласы Бекәліні қоймақшы болса да Карбышев те мықтылық көрсетіп, Дуан басы қызметіне Бекәліні емес, Ыбырайды қоятын болып кетті. Бұл жеңілген, ол жеңгендей болған. Қоңырқұлжаның бұған қарсы амалы жоқеді. Қандай қарсылық көрсеткенімен Карбышевтің күшті екенін іштей сезетін.

Өйткені, жоғарыда отырғандар өзін емес, қазіргі жағдайда соны қолдайтынына көзі жеткен. Бір кезде Кенесарыға дес бермеген сұлтанның амалсыздығы еді, бұл.

Ол кеткен соң көңілін мазалаған жағдайды бәйбішесі Қанисаға айтқан еді. Генерал-губернаторға орныма баламды қойды айтып хат жазбақшы ойы болатын. Әуелі бәйбішесі Қанисамен ақылдасып алмақшы болды. Әйелдер ішінде осы әйелін тыңдайтын. Ешнәрсені одан жасырмайтын. Онымен ақылдасып отыратын. Барлық жағдайды әйеліне жайып салды. Бекәлі қара қазақтан туса да оның пысықтығын көңіліне демеу ететін. Өйткені, өзінің қанынан жаралған, жанына жақын еді. Көңілі Ыбырайдан ғөрі соны қалап отырған. Қоңырқұлжа ойын Қанисадан жасырған жоқ.

– Қаниса менің жағдайымды көріп отырсың. Менен күш азайды, орныма Бекәліні тағайындау ойым бар. Анау Карбышев көнбей отыр. Ана Ыбырайды қояйық дейді.

Ал Қанис а қара қазақтан туған Бекәлі қанша бауырында өссе де онша қаламайтын. Қаниса туған қызының қасында жатқан Ыбырайға көңіл бөлетін. Қаниса турасына бармай басқаша сөйледі.

– Бекәлі оқып жүр ғой, оқысын. Сұлтеке, сізешнәрседен де ұтылған жоқсыз, күйеу балада бөтен емес, сол тұрса тұрсын, – деді бәйбішесі Қаниса. Мына сөзден кейін сұлтан сөзі біті қалғандай болды. Қоңырқұлжа іште жатқан күдігін де жасырып жатқан жоқ, әйелінен.

– Мен алдағы жағдайды ойлап отырмын. Ол оқу бітіргенше мен боламын ба, болмаймын ба, кім білген. Мен өлген соң оны менің орныма жуытпай ма, деп қорқамын. Әне, Жәнілдә жүр ғой, сонау орыстардың арасына шығып кетті. Ол жақта көбінің бірі болып жүр. Бұл жақта Бекәлінің өзі би, өзі қожа болғанын көргім келеді.

Енді не істейсіз, Карбышевте өзі емес, губернатордың айтқанын жасап отыр ғой, ол да. —Әйелінің мына сөзінен кейін Қоңырқұлжа біржола қойған сөзді.

Ауызының салымы бар екен, ойламаған жерден Ыбырай Жайықбаев атқа мінді. Мұның орысшасы да шамалы еді. Ескіше де оқымаған. Төре болғандықтан Қоңырқұлжаның көңілін тауып, үлкен қызын алған, кезінде…

Сол жолы Карбышев кетер алдында Қоңырқұлжамен келіскеннен кейін дуан кеңесіндегі Қоңырқұлжаның кабинетіне Ыбырайды отырғызып кеткен. Барлық қызметкерлерді жинап алып айтқан: «Бұдан былай осы кеңсенің билігі осы кісідеболады» -деп. Ешкім үндеген жоқ. Губернатор өкіліне кім не десін! Әйтпесе, мұндаотырған төрелер де, орыстар да Ыбырайды ұнатпайтын.

Дуан басы отырғаннан кейін осында тілмаш, әрі Қоңырқұлжаның тапсырмаларымен онда-мұндабарып жүретін Шоңды Ыбырай Жайықбаев шақырып алды. Қоңырқұлжаға орысша кітап оқып, газет-журналда жазылғандардыайтып беруде Шоң таптырмайтын адам екеін біліп алған. Оны өз көзімен көріп жүріп, бұл жігіттің орыс тілін толық меңгергенін білетін. Оның үстіне әкесі де, сұлтанмен дос болып қалғанын байқаған.

Шоң атасының үйінде жатқаннан бері Ыбырай да іш тартып, кейбір мәселелерде Шоңмен ақылдасып отыратын. Оның білгірлігіне әбден қанып алған. Дуан басы болып тағайындалғаннан кейін бұлда Шоңға атасының әдісін қолданды. Бір күні Шоңды шақырып алып сөз бастаған.

– Сені Қонекең жақсы көреді. Менің де көңілім саған сондай. Мен бұл жұмысқа жаңа кірісіп жатырмын. Сенің жақсы орысшаң бар. Маған жоғары жаққа жазылатын қағаздарға көмектес. Басқаларға сенбеймін.

Шоң Ыбырайдың жақсы райлы сөзіне қуанып қалды:

– Ыбеке, мен қолдан келген көмегімді аямаймын. Шама келгенше жасаймын…

Ыбырай сол күні-ақ Шоңның өзіне жеке кабинет берді. Бұрын екі орыс Герасимов, Попов және заседательдер қағзадарын қазақша қарап отыратын төрелер Қосыбай Бабыков, Нөгербек Көшеновпен бірге отыратын. Енді, міне, ойламаған жерден дәрежесі өсіп шыға келді. Бұрын қасында отырғандар жап-жас балаға жеке кабинет бергенін жақтырмай қалған, әсіресе, ана екі төре. Шоң оны бірден сезді.

Ыбеке, мен аналарға бастықсияқты көрінбей, әзірге солармен бірге отырайын, – деді.

Ыбырай Шоң аузынан мынадай сөз естіп, тас-талқан болып ашуланды.

Сен өзің қызық жігіт екенсің. Олар келешегі жоқ адамдар. Ал сенің үлкен ертеңің бар. Амандық болса сен осы дуандағы бір деген адам болғалы тұрсың. Сен сондықтан оларға қарама! Менің айтқанымды тыңдап жұмыс істей бер. Олар адал жұмыс істемейді, білімдері бар шамалы. Бұрын Қонекең көңілін тауып жұмысқа тұрып алған. Менің ойымнан шықпаса екеуін де қуамын.

Ыбырай да сұлтан тәрізді Омбыдан келетін қағаздардың бәрін алдымен Шоңға оқытып, ол жаққа кететін қағаздарын жаздыратын. Өзі орысша білмесе де орыстармен жиі қатынасу нәтижесінде орысша жазғандарды бұл да ьтасы тәрізді жақсы ұғатын еді. Енді қандай шаруа болмасын Ыбырай Шоңмен ақылдасып отырып жасайтын болды.

Бұл кезде қазақ жеріне орыстардың көшіп келуі басталған еді. Бұрынғадай бекіністерге емес, енді Ақмола қаласына жақын жерлерге, Нұра бойына да келіпқоныстанып жатты. Соған орай, орыстар мен қазақтар арасында дау-жанжал көбейе берді. Мұндай жанжалға Ыбырайдың өзі бармайтын, өзі сырт қалатын да, сен орысша білесінге салып Шоңдыжі беретін. Шоң да дуан басы саясатын, мінезін түсініп алған. Ертеңгі күні бір мәселені дұрыс шешпесе Ыбырайдың өзін ұстап беретінін сезетін. Сондықтан қандай іс-болмасын әділ шешуге тырысатын Шоң. Ілуде-шалуда болмаса, қандай жағдайда болмасын екі жақты да риза етіп қайтатын.

Ақмолаға жақын, Нұра өзенінің бойына бір топ казак-орыстар келіп қоныстанған еді. Әсіресе, бұл мәселеге байланысты Қорғалжын маңындағы Темештерден көп шағым түсіп жататын. Оларды шабындарына жуытпайтын, тіпті, оларға жақын жерден малдарды суарудың өзі қиындап кеткенін жазатын. Оған дуан басы көбіне Шоңды жіберетін. Ыбырай жүрер кезде Шоңға ананы былай шеш, мынаны олай шеш сияқты бастық ретінде кеңес беріп отыратын. Ең қиыны осы еді. Ыбырай айтқандай бола бермейтін, олай жасаса Шоң даудың тіптен шатасатынын білетін. Шоң қанша дұрыс шешкенімен орыстар, қазақ арасында шу шыға беретін. Бұл жағдай тіптен өріс алып, орыстар арызды губернаторга дейін жазатын. Дау, жанжал өршіп, тоқтамайтын еді.

Қазақтар жер біздікі айтып күш көрсетсе, келгендер бізді патша жібердідеп шіренеді.

Бұл кезде орыстар Ақмола бекінісінде ғана тұрса, енді казак-орыстар өзалдына заемка болып қала маңына қоныстанған. Шоң орыстардың көшіп келуі жиілей бастағанынан қорқатын. Түбінде қазақтан орыс көбейіп кетсе, онда қазақтардың көп нәрседен ұтылатынын іші сезетін.

Жаңа ғана дуанды басқарған Ыбырайға бұл шаруа оңай тимеді. Бірақ ол барлық жауапкершілікті басқа адамдарға жүктеуге әбден шеберленіп алған болатын. Өздері істемей басқаға жүктеу төрелердің қанында бар еді. Шоң тәрізді адамдарға арта салатын. Ыбырай ауырдың үстінен, жеңілдің астымен жүріп жатты. Орыстардың көшіп келуі көбейгелі жоғары жақтан тексерулер де жиіледі. Ыбырай бұндай тексерулермен бармайтын. Көбіне Шоңды жұмсайтын еді. Уақыт өткен сайын қазақ пен орыстардың арасындағы бітпейтін дау көбейе түсті. Тексеру көңілдерінен шықпаса орысы да, қазағы да жоғары жаққа жазып жіберетін.

Ондайдан Ыбырай жаман қорқатын. Мұндай даулардан сырт қалуға тырысатын. Қандай дау болмасын Шоңның өз орнымен шешетініне көзі жете бастаған еді. Сондықтан көбіне соны жіберетін.

Шоң бармаймын деп айта алмайды. Әуеліндегі Ыбыраймен келісімі солай. Шоң түбінде басқа дуандар тәрізді бұнда орыс келетінін білетін. Ал, қазіргі бастық Ыбырай, онымен ақылдаспай шешуге болмайды. Сондықтан да дуан басы көңілінен шығуға тырысатын. Басқа амал жоқ еді. Шоң осылай екі оттың арасында қалғандай. Арманы Омбыға барып оқуға түсу еді. Бірақ Ыбырай қағазынсыз онда қабылдамайтынын білетін. Және түскен күнде артынан жамандап қағаз жазып жіберуі мүмкін. Сондықтан оның айтқандарын орындау керектігін түсінетін.

Шоң өкілдерінің көңілінен шықты

Ақмола қаласына жақын Нұра бойына екі заемка казак-орыстар қоныстанғалы дау да, жанжал да көбейіп кетті. Бұлар Ақмолаға жақын жерге алғашқы көшіп келген қоныстанушылардың бірі болатын. Олар жақын жатқан Темештермен жанжалдаса беретін. Көшіп келгендердің біразы Кенесары көтерілісін басуға қатысқан казактар болатын. Сондықтан олар дуан басшылары бізді тыңдауға тиіс деп есептейтін. Жоғарыда отырған басшылар олардықатты құрметтейтін. Олар қалаға жақын осы араны таңдап алған. Патшаға шын берілген адамдар еді. Орыс жерінде отырған помещиктермен көңілдері онша жақсы болмай, осылай қарай сұранған соң жіберген. Оларды қалаға жақын жерге орналасқанын Омбыда құптаған еді. Жоғары жақтың ойлары мен бұлардың мақсаттары бір жерден шыққандай болған. Ертеңгі күні Кенесары тәрізділері көтеріліс жасаса Ақмола қаласын қорғайтын осылар болатынына жоғары жақ сенімді еді.

Әскери қызметті атқарғаннан кейін орыс казактары қалаға жуымайтын. Олар орыстардан бөлек өз алдына заемке болып отыруды ұнататын. Бқл қасиет олардың қанында бар еді. Осылай қала түбінде Романовка, Рождественка заемкалары пайда болған. Казак-орыстардың өздерін әскери тәртіппен ұстайтыны қанда бар еді.

Оларда қару-жарақ мол болатын. Пулеметтерден бастап, әрбір мүшесінде мылтық болатын. Олар өздерін жоғарғы жақ қадірлейтінін білетін, соған орай жергілікті халыққа мінез көрсетіп отыратын. Турасын айтқанда, жергілікті халықты адамға санамайтын. Ыбырайда олардың осындай қылықтарын білетін. Оларға шамасы келмейтінін түсініп, аулақ жүретін. Казак —орыстардың қаруы бар, бақшаларына түскен қазақтардың малдарын атып та тастайтын. Ыбырай қарамағында істейтін орыстарды да, төрелердіде сан рет жіберіп орыс-казактарына қойғыза алмай қалған. Олардың үстінен арыз айтып келетін негізінен Темештер еді. Ыбырайға сан келген. Ол да сонау Қоңырқұлжа кезіндегідей емес, дуан басы болу енді орыстардың келіне байланысты қиындай түскенін сезетін. Оның үстіне орыс замекаларының адамдары оынң сөзін тыңдай қоймайтын. Ыбырай қайтсе де орнында қалу үшін көбіне орыстарға қазақтарды да жығып беріп отыратын. Қазақтар да жай жатпайтын, орыстардың малын ұрлап, өзен жағасында жатқан шошқаларын жарып кететінді шығарды. Жанжал ушығып сонау Омбыға жеткен еді. Бұл дауды тексеруге ол жақтан екі орыс келе жатқанын естіп Ыбырай қала түбіндегі үйіне барып жатып алған. Шоңға сен солармен бірге қасында бол деді.

Бесплатный фрагмент закончился.

Возрастное ограничение:
12+
Дата выхода на Литрес:
20 октября 2021
Объем:
400 стр. 1 иллюстрация
ISBN:
9785005549471
Правообладатель:
Издательские решения
Формат скачивания:
epub, fb2, fb3, ios.epub, mobi, pdf, txt, zip

С этой книгой читают