Читать книгу: «Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап», страница 4

Шрифт:

– Сіз қашан келіп қалдыңыз

– Мен осында қонғанмын. Сұлтан қызы әкесінің мына қара қазақты үйде жатқызғанынан таң қалды. Осы жасқа келгенде төрелердің мықтылары болмаса қара қазақтың өз үйлеріне қондырғанын көрген жоқ еді. Бірінші рет көріп отыр.

Әкесінің мына қылығы қызға ой салғандай еді. Ләм демей басқа бөлмеге шығып кетті.

Қоңырқұлжаның Шоңды үйге алып келіп басқа жақтан келген хаттарды оқытып, үйде оған жауап жазғызу әдетіне айналды. Шоң осы үйдің бір адамындай болып кеткен еді. Бір күні Қоңырқұлжа отырып Қанисаға:

Осы жігітті ерсілі-қарсылы жүргізе бермей, біздің үйге жатқызайықшы.

Бәйбішесі мына жігіттің күйеуіне өте қажет болып отырғанын сезді де бұған қарсы еместей ниет етті. Содан Шоң ойламаған жерден осы үйдің бір адамындай болып шыға келді. Енді өзін еркіндеу сезебастады. Бұл да енді қызбен жолығып жиі сөйлесіп жүрді. Ол да әкесі мына жігітті үйіне жатқызғаннан кейін іш тарта бастаған. Сұлтан қызын арнайы татардан мұғалым жалдап орыс тілін үйретіп жүр еді. Енді мұғалімді сирек шақыртатын болған. Шоңның орыс тілін жақсы білетінінбайқаған қыз бұл жатқан бөлмеге де келіп жүрді. Шоң да қыздың мұнысынан бір сыр ұққандай еді. Әзірге ашық ешқандай әңгіме жоқ. Шоңдатек көңіл бар. Оны қалай сыртқа шығарарын білмей жүрген еді. Бр күні сұлтанның бәйбішесі айтты:

Таяуда, Сақыжан ұзатылады, -деді. Ашық айтпаса да бұл сұлтан әйелінің Шоңға ескертуі болатын. Бұдан кейін Шоң одан қашып жүретін болды. Қызболмай орысша сөйлескісі келіп жақындаса береді. Бұның ақыры не болатынын Шоңның өзі де білмейтін. Сөйтіп жүргенде құдалар келді.

Бұл төре Көкшетауда тұратын, Шыңғысқа жақын дама еді. Шыңғысқа жақын болуымен қатар, қалың малды тым көп беріп, сұлтанды өзіне құлатын алған. Қызды соның баласына беретін боп отырған. Бұл қазақша айтқанда қарсы құда түсу болатын.

Сұлтан үйіндеқонақтар көп болып Шоң қайыра Табристің үйіне бара жатқан.

Ақыры сұлтанның қызы ұзатылды. Ол Шоңға бір мұң тастап кеткендей болды. Көп уақытқа дейін Шоң содан арыла алмай жүрді.

Шоң осы үйдің баласындай болып кеткен еді. Қоңырқұлжа әр жерге барып жүргенде оны ертіп алатын. Бір рет Омбы жаққа, екі-үш рет Көкшетауда демалып жатқан орыстардың мықтыларына барғанда ертіп барды.

Соңғы жолы Бурабайға барғанда орыстың бір генералы Қоңырқұлжадан сұраған:

– Бұл бала кім?

Бұл менің балам, -Бұл сұлтанның өзін жақсы көргенінің белгісі еді.

– Орысшаны жақсы біледі екен.

– Сіздер жақсы біледі дейсіздер. Ал біздің балаларға дұрыс қызмет бермейсіздер! – Бұл орыстарға шын өкпесі еді. Баласы қанғып сонау Санкт-Петербургте жүр. Ал мұнда жаңа құрылып жатқан уездердің басшылығына орыстарды әкеп жатыр. Сөздің реті келді ме, Қоңырқұлжа ашық айтып салған.

– Міне, дуандар тарқап, уездер құрылып жатыр, менің анау Петербургте жүрген баламды уездің бастығы етіп қоймайсыздар ма?

– Қонырқұлжа Құдаймендинович ол менің қолымдағы шаруа емес. Оны шешетін басқа адамдар. Егер менің қолымда билік болатын болса мынадай жігіттерді өсірер едім.

Генералдың мына сөзі себеп болды ма, Қоңырқұлжаның Шоңға қамқорлығы бұрынғысынан да арта түсті. Солай күндер өте берді. Шоң дуан кеңсесінде жұмыс істеп жатты. Көбіне Қоңырқұлжа Тобыл, Омбы жаққа жіберетін хаттарын жаздырады. Шоң жас болса да сұлтанның көңілінен шыққандай етіп келістіріп жазады. Мына жігіттің тапқырлығына, білгірлігіне риза еді ол.

Бірде Омбыға барғанда бұлардан келетін хаттарды оқып, тіркеп отыратын орыс айтқан:

– Қонырқұлжа Құдаймендинович, сіздерден келетін хаттардың соңғы кезде сапасы мен мазмұны жақсара түсті. Қонырқұлжа сөз табуға шебер адам еді, сол арада әлгі адамға, бұрын ылғи қарамағымдағы хатшылар жазушы еді, енді олардың жазғандарына көңілім толмай өзім айтып, үстінен қарап түзетіп жүрмін деді. Бұл туралы Шоңға айтпады. Айтса Омбыға кетіп қалу қаупі бар еді. Омбыдан кайтып келгенде бір күні отырып:

– Сен Омбыдағы жер басқармасының атына арыз жаз, олар қарсы болмаса жұмысыңа ақша төлеймін, -деді Қоңырқұлжа.

Шоң Қоңырқұлжаның айтуы бойынша Омбыдағы жер бөлімінің бастығына тілек-хат жазған еді. Ол хат мынау еді;

Город Омск!

Его высокоблагородию, начальнику, господину Пограничного управления сибирскими киргизами, от Айткожа —Карповского волостного, киргиза Чона Телькозина, прощение, зная татарскую грамоту и приспособляясь к русскому языку, я осмеливаюсь покорнейше просить Ваше Высокоблагородие, если не встретиться препятствий, определить меня в Акмолинский Приказной письмоводителем.

Чон Телькозин,25 августа 43 года

Город Акмолинск»

Осы хатты Омбыға жіберген еді. Бір ай ішінде Шоң тілегін қанағаттандырған хат келді. Осы жауаптан кейін Шоң өзін шын тілмаш, дуан қызметкері екенін толығымен сезінген еді. Жұмыс бір қалыпты жүріп жатты. Шоң тек қана Қоңырқұлжаның жоғары жаққа хаттарын жазады. Бұрынғыдай сұлтан үйінде тұрып жатты. Осы үйдің бір адамындай болып кеткен.

Арада бір жылға жуық өткенде Қоңырқұлжаның қызы байынан қайтып келді. Шоң енді байқады, сұлтан да, әйелдері де Шоңды өздеріне бұрынғыдан да жақын тарта түскендей. Бірде әйелі Қаниса:

– Шоң осылай жүре бересіңбе, келін түсірсейші, -деген еді.

Шоң бұл сөздің ар жағында қандай сыр жатқанын ұға қалды. Алдында Қоңырқұлжа қызын ұзатқан жерден адамдар келіп кешірім сұрап, сұлтан қызын қайыра алып кетпекші болған. Бірақ ерке қыз көнбей қойған. Сұлтан жерім бар. Енді сонда ұзатамынды айтқан. Жоспарлап қойғандары Шоң еді. Қоңырқұлжаның бәйбішесі осыдан кейін әлгі сөзді айтып отырған. Әзірге олар Шоң да ештеңе айтпай жүр.

Шоң Табристің үйіндегі толған кітаптарын біржола Қоңырқұлжа үйіне көшірген. Күн сайын таңертенгілік, кешкілік сұлтан қызы Шоң жатқан бөлмеге келіп жүреді. Қыз қай уақытта келсе де Қаниса қарсы сөз айтпады. Онымен қоса реті келгенде Қаниса Шоңды сөзге тартып әңгіме қозғайды. Үйленбейсіңбе, үйленбейсіңбені жиі айтып қояды. Шоң мұның ар жағында қандай сыр жатқанын біледі. Оның көңілі бұрынғыдай емес, қызға суыған. Қыз ұнататын әңгімеге бара бермейді.

Сөйтіп, жүргенде ауылдан әкесі келді. Кешкі тамақтан кейін Телқозы Қоңырқұлжаның бөлмесінде отырып, әлден уакытан соң болатын. Келісімен сөз бастаған: – мына сұлтан туыс болайык дейді. Сен оған қалай қарайсын? Әкесінең мынадай сөз естігенде Шоң ренжіп қалды да, турасын айтқан:

– Байдан қайтып келген қатын маған әйел болама?

– Келешегің үшін ал мен білемін, әйтпесе, сұлтан сені жұмыстан қуып жібереді. Онсызда сөз жоқ, сөз саптауынан байкадым. Мына сөзді естігенде Шоң қорқып кетті. Пәлен жылқы беріп, зорға тұрған жұмыстан шығып қалуға болмайды. Онда әкесі ешқашан кешірмейді. Шоңның сөзі таусылып қалғандай болды да, содан кейін сұраған. Біліп отырса да әдейі:

– Қызы қалай қарайды екен?

– Кызы айтқан соң осындай ұйғарымға келіп тәрізді. Бұл аймақта бұған жететін қыз жоқ!

– Телқозы дуан басының қызы болған соң мақтап отырсың ба? Оны байдан қайтып келгенің де ұмытпаныз!

Мінезі де жеңілтек. Онымен тіл табыса алмайтын сияқтымын. Бүгін қосылып, бүрсікүні айрылысып жүрсек несі жақсы!

– Бола берсін. Кейін өзің ұнатқан бір қызды аласың…

– Қызымен айрылысып жатсам сұлтан қалай қарайды.

Сені өте жақсы көреді

– Телқозы менің жүрегім дауаламай тұр, хан тұқымынан шыққан қыз, екінші әйел алғыза ма?

Баласының мына сөзіңде шындық жатқаның біліп

Телқозы ойланып қалды. Көңілі баласының бір әйелмен қалғанын қаламайтын. Бір жағынан баласының да келешегін ойлап отырған болатын. Сәлден сол ол:

– Сенің әйел тілің табуыңа байланасты. Егер оны алдай білсең бір әйел емес, екеуін де аласың. Ана Ыбырай құрлы жоқсын ба, екінші әйел алып отыр ғой. Оның өзінде Алтайлардың ең тандаулы қызын алды.

– Сіз бұл қызды Ыбырай әйелімен салыстырмаңыз. Бұл қыз орысша оқыған. Мұнда жаңа көзқараз қалыптасқан. Ондайға көнбейді. Дегенмен, әлгі сөзден кейін Шоң ойланып қалды да, алайда, әкесінің осы іске араласпауын айтты:

– Сіздің жұмысыңыз болмасын. Мен әуелі Сақыжанның өзімен жақсылап сөйлесіп көрейін. Егер ол екінші әйел алғаныма қарсы болмаса аламын.

Телқозы тұрып айтқан.

– Сен әзірге екінші әйелді айтпа. Әуелі қызды қолға түсіріп алайық. Содан кейін көреміз. Шоң көңілдегісін сұлтан қызына айта алмай жүрді. Дегенмен, Теклқозы Шоңның сұлтан қызын алатына сенімді болатын. Ана жақтан қыз екі қабат болып келген. Содан қызы босанды. Жеңілденіп алған соң қыз қыдыруды көбейтті. Шоңға оның бұл мінезі ұнамады. Бойын алшақтау сала бастаған. Қыз еркелеу еді. Бір күні түскі ас кезінде Шоң отырғанда Сақыжан турасын айтып салды.

– Мені бірінші рет зорлап өздерің жібердіңдер. Енді өзім ұнатқан адамға ғана барамын.

Ол кім деді сұлтан. Көңілінде қазір Шоңды атайды деген үміт бар еді. Қыз басқаша сөйледі.

– Осында өзіңіздің қарамағыңызға келген қазақ-орыс жігіті Алексей.

Қаниса шарт етіп ашуланды да, Қоңырқұлжа сәл үндемей отырып қалды да:

– Анау ағаң орыстан әйел алып кетті. Сенің жасап отырғаның мынау… Менің тұқымым құрып кетті ғой.

Сақыжан әкесінің сөзіне мән бермегендей басқа бөлмеге кетіп қалды. Бұдан кейін бәрі де үнсіз отырып қалды. Тамақтан соң Қоңырқұлжа Шоңды ертіп жұмысқа кетіп қалған. Жолай келе жатып Шоңға:

– Сен осы Сақыжанды зорлап алып қашсан қайтеді?

– Сақыжан көңілі сол адамға біржола берілген тәрізді.

Оны зорлағанмен түк шықпайды. Босқа балаңызды ренжітіп аласыз. Шоңның Сақыжан тұрмысқа шығып қайтіп келген соң оған көңіл- күйі біржола өзгеріп қалған. Содан кейін осы айтқаны. Шоңның мына сөзінде бір шындық жатқаның түсінді ме, сұлтан ләм деген жоқ. Үнсіз келе жатты. Бі пәледен қалай құтыларын білмей, Шоң да іштей мазасыздыққа түсіп, үнсіз қалды.

Қоңырқұлжа қызының орысқа шыққанына қарсы еместін іштей, бірақ орыстардың біраз жүріп тастап кететіні бар. Талай татар қыздарына солай жасаған. Бір-екілі төре қыздарын да сөйткен. Әйтпесе, сұлтан қызының орысқа барғанын ұнататын, бар қаупі содан еді. Егер қызына олай жасаса, ешбір қазақ алмайтынын түсінген. Қазір сол ойдың жетегімен айтқан болатын.

Сақыжан әлгі сөзді бізге ерегісіп айтып отыр. Ол орысқа тимейді. Ал егер тиіп кетсе мен саған таңдап жүріп, төренің бір қызын алып беремін. Дегенмен, сен Сақыжанмен сөйлесіп, оның саған қалай қарайтынын білші.

Қоңырқұлжаның Шоңға төреден қыз алып береміні ойдан шықты. Соған енді кедергі болып тұрған Сақыжан екенін түсінді. Шоң да бұрынғыдай емес, сұлтанға үйреніп, еркіндеу болған. Содан кейін қыз әкесіне кеңес есебінде айтқаны:

– Сіз әуелі Подокониковпен сөйлесіп көріңіз. Ол не дейді екен. Қазір төре қыздарына үйленіп, олармен жақсы тұрып жатқан орыстар да бар ғой.

Шоңның мына сөзінде дұрыстық бар екенін біліп, кеңсеге келген соң, қызының айтып отырғаны казак-орыстың жігіті Алексей Подокониковті шақыртып алып сөйлескен. Бұл жігіт Санкт-Петербургтен әскери училищені бітіріп қызметке осында жіберілген болатын. Қолңырқұлжа ойлар жүрген жоғары жақтың менің орныма дайындап жүрген жігіт пе, деген болжауы бар еді. Сондықтан қызының осы жігітке тигеніне қарсы еместін. Қоңырқұлжа да іштей өзімен өзі келісіп қойғандай еді, алайда, орысқа барғанынан қауіптенетін. Біраз ойнап тастап кете ме деп, қорқатын. Әлгі шоң сөзі ой салды. Алдында генерал-губернатордан нұсқау келген. Подокониковты Орынбор қаласына ауыстырылсын деген. Ол жақта жігіттің әкесі тұратын, пәлен жыл казак-орыстардың әскерін басқарған, сонау Санкт-Петербургте беделі бар адам еді. Соның күшімен ауыстырылып отырғанын сұлтан білетін, Қоңырқұлжа шақырып алып жігітпен сөйлесті:

– Сен кетесің бе, әлде осында қаласың ба?

– Кетемін. Әкем қатты ауырып жүрген көрінеді. Үйге кел жеп жатыр.

Сұлтанның сөзі таусылып қалғандай сәл отырды да:

– Менің қызым Сақыжанды қайтесің?

– Біз келісіп қойғанбыз, алып кетемін.

Мына жігіт ала кетемін боп отырғаны Сақыжанға шын ықыласы кеткенін білді. Егер көңілінен шықпаса мына жігіт ондай сөзді айтпас еді. Орыстардың бір мінезі әйел он байдан шықса да көңілі ұнатса ала беретін. Мына жігіт те сондай күйде екенін білді сұлтан. Содан кейін айтқаны:

Олай болса кешке біздің үйге кел. Мен пәуескеммен Орынборға апарып тастаймын сендерді…

Сол күні Қоңырқұлжа келіп Қанисаға былай деді:

– Сақыжанды ұзатамын.

Қанисаның ойында Шоң тұрған. Соған ба деп сұраған

– Жоқ Сақыжан өзі айтып жүрген жігітімен жіберемін.

Мына сөзді естіп Қаниса ойбай салды. Өзінің үйреншікті сөзін қайталады:

– Анау балаң орыстан әйел алды. Енді қызды орысқа беремін дейсің. Сонда не болғаны?

Қанисаның мына сөзін Қонырқұлжа ұнатпай, енді турасын айтты:

– Қызың орысқа болса жаман болмайды. Төреге бердік.

Артын, міне, көріп отырсың ғой. Сол төреге беруді әуелінде шығарған өзіңсің!

Мына сөзден кейін Қанисаның аузы жабылып қалғандай болды. Ертеңіне жігітті қызына шақырып алды. Дастархан басында біраз әңгіме болды. Қаниса онша көне қойған жоқ. Бірақ күйеуіне қарсы келе алмады. Арада үш күн өткенде сұлтан қызымен, жігіттің тілегін орындап екеуін өз нәуекесімен орынборға жеткізіп тастады. Сақыжанның қайда кеткені елге жұмбақ болып қалған. Оның қайда кеткенін Шоң ғана білетін. Төреден туған кішкентай жиен қыз Қанисаның қойнында қала берді.

Қоңырқұлжа Шоң, қызын бұған бермей орыспен жібергеніне, қатты ренжіп жүр деп ойлады. Бір күні үйінде дастархан басында отырғанда өткен жолғы сөзін қайталап тағы айтқаны:

– Шоң мен саған төренің ең тәуір қызын алып беремін.

Мына сөзді әйелдерінің көзінше айтып отыр. Шоң оның бұл сөзіне сенді. осы қуаныш үстіне ауылдан әкесі Телқозы келді. Келісімен сұлтанға кірген. Телқосы аздап сұлтанға өкпесін жеткізген. оған да Қоңырқұлжа айтқан еді:

– Телқозы мен сенің балаңа төреден таңдаған қыз алып беремін. Байдан қайтып келген қызды Шоң қайтеді! Ол біреумен кетті. Кіммен кеткенің айтпаған еді. Мың жерден хан тұқымынан болса да Шоңның ұнатпай жүргенін білетін. Содан кейін айтқаны:

– Сұлтеке, сіздің бізге қамқор көңіліңізді білемін ғой. Шоң үміт артқан балам еді. Шоңды өкпелетпейтініңді білемін! Мен де қарыздар болып қалмаспын, -деді сөзінін соңында.

Қоңырқұлжа қызының орыспен кеткенін Телқозыға айтпады. Алдында Қоңырқұлжа Шоңға ескертіп айтқан:

– Сен біздің қыздың орыспен кеткенін аузыңнан шығарма!

Қалың елге қызының орыспен кеткенін білдірмеудің амалы болатын бұл. Төреден қыз алып береміні Телқозы көңілінен шығып отыр еді. Әкесі артынша Шоңды ойды жеткізген еді. Шоңға бұны алдында сұлтан да айтқан болатын.

– Ол десе, айтқанын жасайтын шығар…

– Сұлтан аты бар емес пе, неге жасамасын! -Телқозы да Қонырқұлжаның баласына төреден қыз алып беретініне сенімді еді. Сондықтан мына сөзді айтып отырған.

– Расында байдан қайтып келген қызды қайтесің. Он жерден сұлтан қызы болса да, беті ашылмаған бір төре қызын алып берсе сол жақсы.

Телқозы сонда да баласының сұлтан қызын алмағанына өкініп отырған. Мына сөзді баласының көңілі үшін айтып отырған.

Төрелермен құда болу кез келген қазақтын арманы еді. Ал, бірақ төрелер кез келген қазаққа қызын бере бермейтін. Қызын бермегенімен, сұлтан уәде берді. Баласы елдің қолы жетпейтін биіктен әйел алатынына Телқозы сенімді болып, ол Ақмоладан ауылына көңілденіп қайтқан еді.

Сұлтанның Жанкелдіні жерлеуге қатысуы

Күздің жылы күндерінің бірінде Қараағаштын Шоңға жаушы келді. Ол кеңседе отырған Шоңға суық хабар жеткізген еді. Бабасы Жанкелді қайтыс болды. Соған әкелері шақырып жатқанын айтқан. Шоң бабасының көптен бері төсек тартып жатқанын білетін.

Шоң Телқозыдан туса да жанкелді бауырында өскендіктен оны туған әкесіндей көріп, өз әкесін онша мойындамайтын. Телқозыны атымен атымен атап кеткені де содан еді. Мына хабарды естісімен барлық жұмысын сырып тастап жолға дайындалды.

Алғашқы кездегідей емес, Шоң сұлтан кабинетіне еркін кіретін. Қоңырқұлжаға ауылдан келген суық хабарды жеткізгенде, Шоң сұлтан күтпеген сөз айтқан еді. Мен де барамын. Тоқаның тәуірі Жанкелдіге топырақсалу менің міндетім, -деді.

Шоң оның мұнысына таң қалды. Қала іргесінде тұратын төрелер қайтыс болғанда да бара бермейтін. Таңдап, талғап бірен-сараңына ғана баратын. Шоң әкесінің берген малдарына риза болып жүрген соң бармақшы шығарға болжаған. Оның үстіне өзінің қызметіне де көңілі толып жүргенін білетін Шоң.

Қоңырқұлжаның бір әдеті, жүрер алдында баратын жеріне хабаршы жіберетін. Бұлжолы да сүйтіп, бір татарды салт атпен жіберген еді. Оған айтты, жолда болыс Қабайға менің келе жатқанымды хабарлап кет деп айтқан болатын. Алдында ғана Бекеәліні Карбышев дейтін губернатордың Ақмоладағы өкілінің көмегімен Омбыға оқуға түсірген еді. Оның орнына Қабай дейтін төрені қойған.

Түс ауа Шоң екеуі пәуескемен шыққан еді. Бесіндікте аса шапшаң жүріспен жүріп, Көбетейде тұратын болыс Қабай ауылына келді.

Бұл ара сұлтанның өзмекеніндей болып кеткен. Оның әкесі Құдайменде Сарысу бойынан көшіп келе жатқанда жолдаөліп, Қоңырқұлжаның Көкшетаудағы төрелерге жақындау үшін Нұра бойындағы Ахмет ауылына қоныстанып, ондабіраз отырып Ақмола бекінісінің іргесіне келіп қоныстанған еді. Есау Карбышевпен келісіп Томскіден ұлықсат алған. Содан соң тура бекініс ішіне келіп қоныстанған. Содан шаруашылығы да дамып өсе берді. Иван Карбышевпен тіл табысып, жақсы дос-жолдас болып кеткен. Кенесары жеңілген соң, ақыры бағы жанып, бекініс қалаға айналған. Дуан құрылды. Оның билігін жоғары жақ Құдаймендинге берді. Соның атағы өсіп, ел арасныда беделі өсіп өрлей берді. Сұлтанның ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс еді. Баласы болмай Омбыға оқуға кеткен соң, ол кезде болыстыққа көбіне төрелер сайланатын. Тоқалардың талайлары болыс болуға талпынып малдарын әкеп бберіп жатса да Қоңырқұлжа олардың малдарын алып, уәде беріп шығарып салатын. Ақмола түбінде тұратын Қабайды өзі келіп сайлап кеткен еді. Болыстың қазіргі тұрағы осы Көбетай ауылы болатын.

Қоңырқұлжаның келетінін татардан естіп Қабай да жаны қалмай дайындалып жатыр екен. Ауылдан шалғайлау Нұра өзенінің жағасына екі-үш киіз үй тігіп тастаған.

Қонырқұлжа жергілікті билердің, байлардың бірін де жуытпасынды татардан айтып жіберген еді. Болыс ешкімге дуан басы келе жатканын білдірмеді. Жергілікті билер естісе жиналып ананы, мынаны айтып миын жейтінін білетін Қонырқұлжа. Содан кейін осылай жасаған еді. Аға сұлтан қызмет көрсететін, тамағын жасайтын, төсегін салуға қыз-келіншіктерді ғана шақыртыпты. Мал сойылды. Үш-төрт қыз-келіншектер дастархан жасап қызмет көрсете бастады.

Сұлтан қай жерге бармасын, жергілікті билер, болыстар қасына қыз әкеп салып беретін. Хан тұқымы Қоңырқұлжа бұағн жас кезінен әбден үйренген. Шоң дуан басымен жүргенде оны көріп, біліп жүрген еді. Бұл әдетке айналған шаруа екенін біліп алған.

Бұлар келісімен дастархан жасалды. Қымызкелді, алдымен. Дастархан жасап жүрген сүйріктей екі сұлу қыз. Шоң олардың бүгін сорлайтынын біліп отырған. Көңілде аяныш бар, бірақ айтарға тіл жоқ. Екеуі де осы маңдағы ең сұлу қыздар болатын. Шоң олардың бүгін сорлайтынын біліп отырған. Көңілде аяныш бар, бірақ айтарға тіл жоқ. Екеуі де осы маңдағы ең сұлу қыздар болатын.

Сұлтанның сонау жас кезіндегі көңіл-күйі жоқ. Қыздар жағына онша көп қарап отырған жоқ. Өйткені, тілек бар да, шама азайған. Мына келіп қалған кәрілік бойдағы қуатты алып кеткендей еді. Енді ойы мына жас жігіттің қасына бір қызды салып беріп, өз бойындағы құмарлықты ояту болатын. Тамақ ішкен соң қасында Қабай мен Шоң бар сұлтан тысқа бірге шықты. Былай шыққан соң Қабайға айтқаны:

– Қабай сен бара бер, қалған шаруаны өзім реттеймін…

Қабай кетіп қалған. Екеуі даладаәлгінде ішкен тамақтарын таратып біраз жүрді. Арада біразуақыт өткен соң аға сұлтан Қоңырқұлжа Шоңға:

– Сен барып біліп келші. Ана қыздар төсекті салып болып па?!

Екеумізге арасын жақындатып төсекті қатар салсын.

Сұлтан қай жерге бармасын, зыдарды жеке алып киіз үй ішіне жататын. Бүгінгі ойы басқа. Шоң оның бұл қылығын түсінбеді.

Сұлтанның ойы Шоңға қарап ұйықтап жатқан сезімді ояту болатын. Шоң киізүй ішіне кірсе екі қыз екі жерде арасын жақындатып төсекті салып қойыпты, алдында Қабайдың айтуы бойынша екеуіне төсекті қатар салып қойған еді, енді нұсқау күтіп отырған олар. Мына тез берілетін қыздарға Шоңның ызасы келді. Оны сыртқа шығарудың жолын білмей сәл тұрып қалып, ашуы ойнап кетті де былай деді:

– Қазір көзге көрінбей кетіңдер!

Түкке түсінбеген қыздар кетіп қалған. Бұл қыздар осы маңайдағы Тілендердің ең сұлу қыздары болатын. Қабайдың оларды аға сұлтанға тамақ істеп береді деп шақыртып алған. Болыс айтқан соң ата-аналары қыздарын жіберген. Шоңға қыздардың мына отырысы ұнамады. Оған өздері қалап отырғандай көрінді. Іштей қыздарға ренжіп қалған. Шоң мұның арты ертеңгі күні біреулер арқылы әке-шешесіне жетсе үлкен дау болатынын біліп тұр еді. Сұлтанға сөз айта алмайды. Телқозының баласы біздің баламызды зорлап кетті деп айтуы мүмкін. Мұндайда арты неше түрлі сөз болады. Тілендердің қандай сөз шығаратынын білмейтін. Әйтеуір, өзінің бүгін бір жаманатқа қалатынын сезіп отыр. Содан кейін Шоң әлгі сөзді қыздарға айтқан болатын.

Түгіне түсінбеген екі қыз сасып қалды да, тұра жөнелді. Шоң сыртқа шығып серуендеп жүрген сұлтанға айтқан:

– Аға төсек дайын болды!

Сұлтан ішке кірген. Төсек салулы тұр. Екі қыз жоқ. Қыздар қайда деді. Шоң жалған сөйледі.

– Аға мен білмеймін. Мен келсем олар жоқ.

– Әлгі Қабай жөндеп айтпаған ғой. Атшыны жіберші

– Аға түн ішінде қыздарды іздеп жүре ме, қажеті жоқ

– Менің әйелген онша шабытым келіп тұрған жоқ. Сен үшін жасатып еді.

– Аға, маған қажет емес!

Сұлтан таңқала Шоңға қарады да:

– Сен өзің нешеге келдің?

– Он алтыдан асып барамын.

– Осы жаста жігіт жалғыз жата ма? Мен сенің жасыңда барған жерде қасыма екі қыз алып жататынмын. Солардың өзін таң атқанша шаршатып жіберетінмін. Қазір ол да жоқ, жас келіп қалғанының белгңсң ме, біреудің өзіне хал жетпей қалатын күндер болады. Сұлтан сол келмеске кеткен күндерін сағынғандай біраз әңгіме айтқан.

– Бұл өмірдің қызығын уақытында көріп қалу керек. Жіберіп алсаң қайтып келмейді. Шоң үндемей жата берді. Сұлтан да жолдан шаршап келген болуы керек, артынша ұйықтап кетті.

Ертеңгісін таңертеңгілік Қабай келді. Қоңырқұлжа одан сұраған:

– Қыздар қайда?

Қабай сасып қалып

– Қыздар түнде осында болған жоқ па?

– Болған жоқ, – деді сұлтан

– Ендеше, мен оларды қазір алғызамын!

– Сен өзің не айтып тұрсың. Қазір біз жол жүреміз

– Сұлтеке, мына ұятты болдығой. Енді қайттім…

– Жарайды, ештеңе етпес. Қайтар жолда дайындап қой. Мені қойшы, талайын көрдік ғой. Мына Шоң жағдайын ойлап едім…

– Шоң осы арадан ерсілі-қарсылы өтіп жүреді ғой. Оның да ретін табармын.

– Кешегі шақырған қыздарың әдемі екен. Соларды шақыр тағы да. Қайтарда бір күн болып кетеміз, -деді Қоңырқұлжа

– Шоң тұрып:

– Қыздардың құда түсіп қойған жерлері бар шығар. Ертеңгі күні ұят болып жүрмесін.

– Олардың ертеңіндене ақың бар. Саған сол қыздарды ал деп отырған ешкім жоқ. Сен әйелді төреден аласың. Бір күннің қызығын көр дегенім ғой.

– Аға маған ол қажет емес.

– Сен қызық жігіт екенсің. Қасыңа әкеп салып берген қыздан қашасың. Ол қыздардың кейінгі шаруасында жұмысың болмасын.

Қабай тұрып:

– Мен оларды зорлағам жоқ, өздері келді. Бұл жақтың қыздары төрелерден қашпайды. Менің айтқанымды да екі етпей орындайды.

– Мына сөздіестіп Шоң таңқалды. Қыздар да бұзыла бастаған екен ғой деп ойға қалды. Содан олар жүріп кеткен. Бұлардың қастарына Қабай да ерді. Бұлар келгенде Жанкелдіні о дүниеге шығарып салуға келген адамдар түгел жиналып қалған еді. Енді дуан басының келетінін естіп, соны күтіп отыр екен. Бұлар түс ауа келді. Қолма-қол дайын тұрған мәйітті барлық рәсіммен шығарып салды. Үйге келіп қайыра құран оқылып, жан жақтан келген адамдар енді сұлтаннан бұрын кетіп қалуға ұялып отырған болатын. Содан бір сөз күтіп отырған. Дуан басы оны сезген болуы керек, бәріне ұлықсат берді. Сөз соңында жиналғандарға Тоқалардың үлкендері қалсын деп айтты.

Тоқаларға көрші отырған Қаржас, Қаракесек, Темеш, оңтүстіктен Найман бәрі кеткеннен кейін Тоқалардың үлкендері арасында Қорыспайдың Баймырзасы, оның туысы Сапақ, Аққошқардың Садыры, Барағанның Қамысбайы, Ерназардың Жалантөсінің үлкені Кәдір, Құлымбетінің Лауы, Елгелдінің Таубай, Жабаның Қожамжары бар еді. Тоқалардың басқа да ақсақалдары отырған. Көпшілігі сексеннен асып, Жанкелдінің соңынан кетуге күнін санап отырған адамдар. Қазақтар үлкендерін сыйлап үйренген халықғой, жас келсе де олардың рулар арасында қадірі бар еді. Оны Қоңырқұлжа жақсы білетін. Сондықтан да сәті түсіп тұрғанда Тоқалардың шалдраны пайдаланып қалғысы келді.

Тоқаның шалдары Жанкелдіні жерлеуге аға сұлтанның келетіні үш ұйықтаса да ойларында жоқеді, бір жағынан таңқалып отырған. Әрі сұлтанның мына келісіне риза еді.

Сұлтан ананы-мынаны айтып отырдыда сәлден соң көңілдегі негізгі сөзін бастап кетті

– Менің осы отырған Тоқа жұртына өкпем бар, мына жерде айту орынсыз болса да, соны естеріңе салығм келіп отыр —деді Қоңырқұлжа. —Жанкелді марқұмды о дүниеге аттандырып отырсақ та, жағдай жайсыз болса да, соны айтқым келеді. – Осыны айтты да үнсіз қалды. Отырғандарды көзастынан бір шолып өтті. Олар да үнсіз отыр.

– Мына өлік шығару жиынында не айтқалы отыр дегендей, отырғандар бір-біріне қарады. Содан кейін Қоңырқұлжаға қараған еді. Ол әлі де мына шалдардың өздері сөзбастауын күтіп отыр еді. Соны түсінгендей Баймырза отырып:

Сұлтан қысылмаңыз айтыңыз, – деді.

– Ендеше, балам Шыңғыстың құнын төлейсіңдер. Соны көптен айта алмай жүр едім. Мына ретсіз жерде реті келді. Өйткені, мұндай сіздердің бастарыңыз қосыла бермейді. Содан кейін айтып отырмын.

Ол балаңыздың өлгеніне пәлен уақыт болды. Сұлтан қандай құнды сұрап отырсың, деді Таубай.

Сұлтан оның мұнысын жақтырмай қалды ма, өзінің қасында отырған Баймырзаға қарап сөзін жалғады.

– Бүгін Жанкелді марқұмның дастарханының басындабастарыңыз қосылып қалған екен. Басқажерде сендердің осылай бастарыңды қосудың өзі қиын. Содан кейін айтып отырмын. Менің өкпем Балам Шыңғыс қайтыс болғанда біреуің де есік ашуға жарамадыңдар.

Бұл сөзде шындық жатыр еді. Тоқалардың тәуірлерінің бірі бармаған еді. Турасын айтқанда, сол арада жазалап жібереме деп қорыққан еді. Әлгінде сөзбастауға себепші болған Баймырза сұлтан баласы жайындасөзбастаған соң үндемей қалды. Бұлардың ішіндегі жасы, сөзге ширақ Баймырзаның ініс Сапақағасының сөзін жалғағандай болып көңілдегісін айтқан болатын:

– Сұлтеке, біздің жақтан кеткен ол үлкен білместік болды, деді Баймырза.

– Сен үйтіп ақталма. Әр нәрсенің жолы бар, жөні бар. Осы отырғандардың әрқайсынбір-бір руды басқарып отырсыңдар. Неге келмейсіңдер!

Айтарлары бітіп қалғандай мына сөзге бәрі де үндем ей қалды. Қоңырқұлжа сөзін әрі қарай жалғады.

– Мен оны білемін. Бәрің де өздеріңді кінәлі санайсыңдар. Содан кейін үндемей отырсыңдар.

Осы кезде Таубай батыр шыдай алмай:

– Сіз орынсыз Тоқалардыкінәләмаңыз. Хан тұқымы хан қолынан қайтыс болды ғой.

– Кенесары өзі барып өлтірген жоқ шығар. Қажет болса кім өлтіргенін де айтамын. Менің баламның өлімі отырған сіздердің адамдарыңыздың қолынан келді.

– Сұлтеке, сол кісінің атын атап айтыңызшы – деді Сапақ

– Осында Тәңірбергеннің екі баласы отырсыңдар. Қайсысы екенін өздерің айтыңдар. Құлағы естігені болмаса көзі көрген жоқ, қайсыңды ұстап беремін. Осы отырғандардың бәрінің ұрпақтары Кенесары соғысына қатысты.

Тәңірберген ұрпақтарының біразы Кенесары көтерілісне қатысқан еді. Солардың біразы соғыста өліп, кейбіреулері сонау қырғыз жерінен келмей қалған. Нұра бойында болған соғыста да патша әскерімен мына Қоңырқұлжаның баласы Шыңғыс бастаған қолға қарсы шығып, Қоңырқұлжа адамдарына қарсы тұрған еді. Сондықтан Кенесары бұлардың малдарына тиіспей кеткен. Дуан басы оның бәрін білетін. Сондықтан айтып отырғаны болатын. Отырғандар оын мойындағандай тағы да үндемей қалды да, Сапақ отырып:

– Сұлтеке Тоқа аз халық емес. Осы отырғандардың көбінің туысқандары қатысқан. Сіз бізді ғана кінәлап отырсыз ба?

– Сендерді ел «бес перен» дейді. Бұл жайдан жай қойылған ата емес. Сол Шыңғыстың өліміне тікелей қатысың болмаса да, баламның Тоқалардың қолынан өлгенін мойындайтын шығарсыңдар. —Осы ру ішіндегі аты шулы Тәңірберген балалры сендер айтыңдар. Тоқалардың ешқайсысы сендерден асып кетпейді. —Соны жақсы білетін Қоңырқұлжа сөзді содан әдейі осылай қозғап отырған.

Әуелінде жаман қорқып қалған Сапақ, сұлтанның жалпы Тоқаларды аттағанынан кейі көңілі жай тапқандай болды. Әйтпесе, өздеріне кінә тағып Ақмола түрмесіне апарып жаптырып қоятындай көрінген.

Қасында отырған Қорысбайдың Баймырзасы отырып:

– Өлген адам қайтып келмейді. Ашығын айтыңыз, балаңыздың құнына не тілейсіз?

Қоңырқұлжаның күтіп отырғаны да осф сөз еді. Енді көңілдегісін айтты:

– Шыңғыстың құнына ешнәрсе тең келмейді. Оған осы отырға БүкілТоқаның байлығы жетпейді. Баймырзадұрыс айтасың өлген адам қайтып келмейді. Мен қазақ жолымен хан тұқымы атаусыз қалмасынды ойлап үш мың жылқы сұраймын.

Сұлтан осы арда баласының өлгеніне пәлен жыл өткен соң мындай құн сұрап отырғанына ел түсінбеді. Жиналғандардың әлгі сұлтан сөзіне көңілдерінде ашу ойнап кетті. Мұндабасыну бар екенін сезген. Бірақ ешқайсысы аға сұлтанға қарсы ештеңе айта алмады.

Қоңырқұлжаның бар ойы осы баласының өлімінен осында Тоқаның барлық тәуірлері жиналып қалғанда пайда табу болатын. Сондықтан әдейі осы жайдықозғап отыр.

Үш мың жылқы дегені Сапақтың жанына батып кетті. Әлгі сөзіне қарағанда оның көбін Тәңірберген тұқымдары төлейтініне көзі жетті. Шыдай алмай айтып салғаны:

Сұлтеке, соғыс болған соң өлім болмай тұрмайды ғой. Пәлен уақыт өтті. Енді келіп мұныңыз не?

Қоңырқұлжаның Сапақтың мына сөзіне қаны қайнап кетті. Оның мына сөзі өзін басынғандай көрінді. Мына айтқаны қара қазақтардың күшейіп бара жатқанын көрсеткендей болды. Ызалы сұлтан турасын айтып:

– Хан тұқымын қара қазақ өлтірсе баяғыда не жасаушы еді?

– Мен осы уақытқа дейін қара қазақтың хан тұқымын өлтіргенін естігем жоқ.

– Естімесең сен енді естіп отырсың, Тәңірбергекннің тұқымдары. Алдында айтқан сөзін қайталап айтқан аға сұлтан. Бұл сөз әлгі Сапақ сөзіне орай айтылған еді. Артынша сұлтан: Тоқалар бұған не айтасыңдар? – Бұл отырғандардың бәріне қойылған сұрақ еді. Отырғандар не айтарларын білмей отырып қалды. Қоңырқұлжа сөзін әрі қарай жалғады. Хан тұқымын өлтірсе басын алады, мен оын жасамай-ақ қояйын. Қазақөлгеннің құнын төлейді. Соны жасаңдар деп естеріңе салып отырмын.

Осы арада баяңғыдан Сапаққа ызасы келіп жүрген Таубай:

– Сұлтеке бұл сөзіңізорынды. Адам өлсе құнын төһлеу баяғыдан келе жатқан тәртіп, сіз турасын айттыңыз, – деді Таубай. Сұлтан мына шалдың қай жаққа сілтеп отырғанын түсінбей қалды.

– Менің баламның құнына ешқандай байлық жетпейтініні әлгінде айттым ғой. Бірақамал жоқ. Қазір біразыңды апарып түрмеге жауып, артынша жазаласам, Тоқалар өкпелейсіңдер. Мен оны жасамай-ақ қояйын. Сен шал ашығын айт деп отырсың ғой, менің тоқ етер сөзім Тоқалар атынан Сапақ үш мың жылқы берсін!

Сапақ жаратылысынан сараң болатын. Сол сараңдығы арқасында он жеті мың жылқы біткен бір басына. Соғымын да ес ептеп соятын. Мына сөзге ол үндемей отырып қалды. Қоңырқұлжаға оның мынасы ұнамады. Содан кейін отырып:

Возрастное ограничение:
12+
Дата выхода на Литрес:
20 октября 2021
Объем:
400 стр. 1 иллюстрация
ISBN:
9785005549471
Правообладатель:
Издательские решения
Формат скачивания:
epub, fb2, fb3, ios.epub, mobi, pdf, txt, zip

С этой книгой читают