Читать книгу: «Қарт кісінің құпиясы», страница 2

Шрифт:

– Барасың ! – деп кесіп тастады. Сен сол үшін де басқа жаттығулардың бəрінен босатылғансың. Екінші рет бұл сөз талқыға салынбайды, – деді қатқылдау дауыспен. Амалсыз басымды изедім. Онан басқа шарасыз да едім.Бір қызығы себебін де сұраған жоқ. Не үшін? Неге бармайсың? – деп те сұрамады.

Осылайша ертесіне бір қағаздарды алып тағы бардым. Татюша болса əдеттегідей күлімдеп тұрып, үйге кір дегендей ишара білдірді. Үйге кірдім. Шашымнан сипай бастады. Желке тұсымды қысып – қысып жіберді де, графиннен бір стакан су құйып “Қане, солдатым, тартып жібер”деп өзі ұсынды. Көзімді жұмып тартып жібердім. Тартуын тарттым – ау, бірақ тыныс ала алмай өлуге айналдым. Арқамды қағып жатқан келіншек “уһ” деп тыныс алғанымда барып, бір – ақ тоқтады да үстімдегі ақ жəкетімді сыпырып тастады. Мойныма оралған білегімен құлақ тұсыма соғылған ыстық демі мені сол жерде – ақ еденге жықты. Есім кетіп талықсып жатсам да, бойымды билеген үрейден ойымды тез жинап алып, үстімде отырған келіншекті итеріп тастадым. Ол қайта ұмтылды. Мен болсам екі қолын мықтап ұстап алдым да тырп еткізбей қойдым. Ол енді жалына бастады “болмайды” деп кесіп айттым. Амалы біткен келіншек енді менің қолымды тістей бастады. Жылауға айналды. Кенет оң қолымнан сытылып кетті де, шапалақпен тартып жіберді. Ес жиып үлгірем дегенше үстіме қайта отырып алды. Іс бітті, мен жалма – жан киініп алдым да, қаша жөнелдім .”Солдатик мой” деп айқайлап ол қалды. Сол күні бөлімшеде ұйқысыз таң атырдым. Қара басым қазандай болды. Ауылда қалған шешемді ойладым. Екі бауыры "Халық жауы" деп, тағы екі бауыры соғыс деп кетіп қайта келмеген шешемнің “бауырымдап“ еңіреп жылап жүргендері көз алдыма келді. Бірақ менің басқа жолым болмады. Ертесіне де сол əдет екі тушенькамен жарты қара нан апардым. Тағы да сол болды. Бұл ретте мен енді батыл қимылдай бастадым. Қара күшке салып езіп жібердім. Ол болса жағы тынбай жақсы сөздің бəрін айтып балқып жатты. Жұмысым бітті тағы кеттім. Түстен кейін тағы жіберді. Тағы да осы болды. Енді бұрынғыдай емес ернін сүлікше сорып жабысып киімін шешіп тастадым. Ол мені шешіндірді. Сол күйі ішке еніп төсекке кеп құладық. Ақ тер, көк теріміз шығып жұмысымыз бітті. Енді бұл мені мақтай бастады. Мен болсам сол баяғы əдетіме басып киіне бастадым. ”Кетпейсің” деп ашу шақырды. Сонымен шарасыз күйде отырып тағы бастадым. Бұл енді ол ойлағандай болды. Үстіме шығып əрі – бері секірумен аяқталды. Осылайша екі – ай тағы өтті. Енді батылым жетіп өзім құшақтап, өзім көтеріп алатынды шығардым. Аймалап сүйісуден бастайтын дəрежеге жеттік. Бұрынғыдай қорқыныш қалмады. Емін – еркін қимылға көштік. Барынша созуға тырыс деуші еді созылғанынша создым (уақытты). Айызы қанып қалады, өзім де сезіп жүрдім. Осылай ойнап жүріп тағы да бір – екі ай өтті. Бір күні кешке қарай күндегі əдетімізге басып махаббат майданына түсіп жаттық. Жан алып, жан берісіп ессіз күйде от боп жаттық. Қызықтың көкесі сонда болды. Тарсылдатып біреу кіріп келді. Шошып кеттім де есікке ұмтылдым. Зəрем қалмады. Өлуге дайындалдым. Себебі, кителін шешіп, ілгішке іліп жатқан менің командирім еді....

Тілім күрметіліп даусым шықпай аяқ қолдан жан кетті, – деп шəйдан ұрттап қойып қария сөзін қайта жалғады. Өлген жерім осы деп үстіме ақ жəкетімді іліп шалбарымды кидім. Командирімнің аяғында етіктің тақылдап əрі – бері жүргені зəре – құтымды онан сайын қашырды. Сығалап қарап қоямын. Ауыз бөлмеде шашылып жатқан белдігіммен кителімді айналып, сенделіп жүр. Қорқыныштан көзімнен жас ытқып жатты. Кенет Татюшаға жалт бұрылып қарадым. Жын ұрғандай емін – еркін киініп иығына орамалын салып түзетіп күлімдеп тұр. Не дерімді білмеймін, сөйлейін десем, үнім шықпай тілім күрмеліп қалды. Ол болса еш алаңсыз “түшшш” деп ымдады да, орта бөлмеге шығып кетті. Түк болмағандай амандасып командиріммен «шөп» еткізіп сүйіскендерін есіттім. Басымды қос қолдап ұстап отыра кеттім. Ал Татюша болса столға тарсылдатып бірдеңелерді қойып жатты. Командирімнің табуретканы тартып столға кеп отырғанын көрмесем де естіп отырдым. Кенет Татюшам қайта кірді. Қолындағы легенмен суды қойып «жуынып ал» дегенді ыммен білдірді. Шығып бара жатып басымнан сипап:

– Алаңдамай шық, столға кел, əңгіме бар, – деп қосып қойды. Менің жуынуға əрекетім жоқ еді. Себебі, аяқ қолым өзіме бағынбай жансыз күйде едім. Шаңқ еткен командирдің даусынан селк ете қалдым. «Тездет, киін де столға кел. Мен сені күтіп отырмын» демесі барма? Сол сəт менің белдігім мен кителімді алып кірген Татюша «Қорықпа жуынып алда столға кел. Лёша сені күтіп отыр» деді. Жуынып жатырмын, ал анау екеуінің болса қайғыратын түрі жоқ, өзара əңгімені айтып болып отыр. Мен болсам жуынғанның ырымын ғана жасап, белдігімді тағып пилоткамды киіп ортаға шықтым. Жақында мұнда отыр! – деп командирім өзіне қарама – қарсы табуреткаға отыруымды бұйырды. Графиннен жүз граммды құйып тұрып өзі ұсынды. Тартып жібердім де алюминий кружканы тарс еткізіп столға қойдым. «Тағы да ішесің бе» дегендей сұқ саусағымен графинді көрсетті. «Ішпеймін» деп басымды шайқадым.

– Сонау Минск қаласынан Берлинге дейін екі жыл соғыста жүрдім, – деп командирім сөзін бастады. Барлаушы болдым. Қаншама қырғын – соғыста болдым. Құдайдың сақтағаны шығар. Барлауға кеткен бесеуден жалғыз өзім аман оралған кездерім де болды. Осылайша өлім мен өмірдің арасында жүрдім. Өлімге деген бойымның үйренгені сонша ертең өлем, бүрсікүні өлем деп өлімге дайын жүрдім. Алайда өлу түгіл жарақаттанғаным да жоқ. Ойлайтыным біреу ғана, осы менің Татюшам болды. Біз 1942-ші жылдың күзінде үйлендік. Əке-шешем болды. Содан бір жылдан соң мен соғысқа аттанып үлкен жеңіспен оралдым. Соғыстан соң осы əскери салада сапёр боп жұмысымды жалғастырдым. Белоруссия аумағын жарылғыш заттардан тазалауға қатыстым. Бір күні абайсызда танкке қарсы мина жарылып есімді Минск қаласындағы əскери госпитальда жидым. Менімен бірге болған екі сапёр жігіт көз жұмыпты. Екеуі де сен сияқты азият болатын. Естуімше соның бірі менің өміріме араша түсіпті. Мен құдай сақтап тағы да аман қалдым…

Возрастное ограничение:
18+
Дата выхода на Литрес:
22 января 2022
Дата написания:
2021
Объем:
17 стр. 1 иллюстрация
Правообладатель:
Автор
Формат скачивания:
epub, fb2, fb3, ios.epub, mobi, pdf, txt, zip

С этой книгой читают

Новинка
Черновик
4,9
181