promo_banner

Реклама

Читать книгу: «Қанжар», страница 2

Шрифт:

– Егер шығып бара жатырсаң бүкіл алу керек заттардың тізімі мен беріп жіберу керек хаттама аяқ – киімге арналған сөренің үстінде тұр – есіктің сыртынан Вирониканың дауысы шықты.

Әжетхананың есігін ашып, 2 рет оңға бұрылып біраз жүрді. Қағазды алғаннан кейін аяғына қызыл туфлиді киіп шығып кетті.

Бесінші бөлім: Айырбастау

Алматы облысы; Шілікті ауылы; «Арман» шағын кафесі;

– 1 жасымық сорпасы, 2 құс еті қосылған самса, 1 сарымсақ қосылған нан, барлығы сіз айтқандай. Асыңыз дәмді болсын! – жасыл киім киген даяршы қыз бөлменің шетінде отырған қатаң киімдегі әйелге науамен тағамдар әкеліп берді.

– Рахмет! – өзге заттарға тиіспес бұрын ең алдымен самсадан ауыз тиіп, кейін қоңырау шырылдағанан кейін орнынан тұрып, қалған тамақты өзімен алып кету үшін арнайы ыдыс сұратып алды.

Бүгінгі күні кафеде барлығы күндегідей болды, тек егер соңғы тапсырысты есептеменде. Бұл тапсырыстың өзге тапсырыстардан ерекше болуы – оған тапсырыс берген Лу Хао. Қарсылық күштерінің өздерінің тыңшыларымен хабарласу үшін өздерінің әдістері бар. Мысалы: жасыл киімдегі тапсырысты әкеліп берген даяршы қыз шын мәнінде Айғаным атты жасырын тыңшы. Әлемде ол сияқтылардың кем дегенде мыңдағаны бар.

Қазіргі заманда кез – келген электронды хабар алмасу өте сенімсіз, тіпті, көзбе – көз сөйлесудің өзі де әңгіменің үшінші құлаққа жетпесіне кепілдік бола алмайды. Сондықтан «босатушылар» хабар алмасудың осындай әдіс ойлап тапты. «Қанжар» жаңа қалаға келме бұрын бұл қалаға «босатушылардың» адамы бірнеше апта алдын – ала келеді.

Даяршының әкелген тамағында «Қанжарға» арналған хаттама, ал науаның астында «босатушыларға» арналған хаттама бар.

Алтыншы бөлім: Хабарлама

– Сонымен, не деп жазған екен? – Ардо алдында отырған Лу Хаодан оқып отырған қағазында не деп жазылғандығын сұрады.

– Біздің ойлағанымыздай екен. 1 аптадан кейін жолға шығуға болады. Вироника, сен бәрін дұрыстап тексердің ғо, я?

– Маған сенсеңдер болады. Мен қашан сендердің сенімдеріңді растамаған едім?! – бөлменің арғы бетінен ашуланған дауыс естілді.

– Түсінемін, сен өз ісіңнің ең жақсы маманысың. Бірақ сақтанғанды құдай сақтайды деген сөз бар. – асханадан пышақтарын қайрап отырған Дэмианның дауысы шықты.

– Сендердің солай айтатындарыңды білген соң 2 күн бұрын бәрін тексеріп қойдым. Уайымдамаңдар, бәрі дұрыс жасап тұр. Олар тіпті біздің желіге кіргенімізді білмей де қалды. – мақтанғанынан Вироника тіпті күліп те жіберді.

– Егер солай десең онда қалғандарымыз дайындала берейік. – пышақтарынан кейін Дэмиан өзінің өзге қаруларының дұрыстығын тексеруге көшті.

Жетінші бөлім: Қала

Алматы қаласы; «BLACK HOUSE» сауда – ойын кешені;

2 – ші қабаттағы жалпы отырыс орындарындағы бір орында бір – бірлеріне арттарымен қарап отырған 4 адамның кейіпі көрінеді. Олар бір – бірлерімен әңгімемен сөйлесіп отырғанын байқауға болады. Осы 4 адамнан сол бағытта 3 устел кейінгі орындықта отырған қатаң қара киімдегі әйел адамның сұлбасын байқауға болады. Ол сыбырлап бірдеңелер айтып отыр:

– Өздерің жоспардан 2 сағатқа ерте келеміз деген. Енді шыдаңдар, жарты сағаттай уақыт қалды. – өздерің түсінгендей әйел адам Лу Хао болып келеді.

– Ешқандай оқыс жағдай болмас үшін деп алдын ала келдік. Бірақ мен әлі түсіне алмаймын, неге саған ғана шығуға болады, ал қалғандарымыз неге тапырық әрі тар көліктің ішінде отыруымызға тура келеді? – Лу Хаоның құлағынан Ардоның дауысы шықты.

– Өйіткені, егер естеріңде болса, сендердің барлығың «өліп қалғансыңдар»!

– Ия, бірақ біздің Вирониканың арқасында ешқандай бейнебақылауға түспейтінімізді білесің ғой! – Ардо өз сөзінен қайтқысы келмеді.

– Бейнебақылаулар – жоқ, адамдар – я. Сондықтар тыныш отырыңдар және шуламаңдар. – Лу Хао да өз сөзінен қайтпады.

– Я, біздің түрімізді бүкіл әлем біледі ғой, тіпті егер түрімізді жасыратын болсақ та кез – келген адам танып алады! – екеуінің арасына өз сөзін Ардо да қосып жіберді.

– Тыныштала аласыңдар ма, мхм мхм, – өзінің отырған орнының артықшылығына байланысты Лу Хао өзіне сол жақтан жақындап келе жатқан адамды байқап үлгерді, – қысқасы, ауыздарыңды жабыңдар!

– Тынышталың, не үшін осында екенімізді ұмытпаңдар! – ұрыстың соңна нүктені Бекнұр қойды.

Бекнұрға топтың ешбір мүшесі қарсы сөз қайтарып айта алмайды. 12 жыл бұрын оны топтың кез – келген мүшесі жекпе – жекте жеңе алар еді, ал қазір керісінше. Оның үстіне Бекнұрдың айналасында өте ауыр «аура» бар, және оны олардың барлығы сезе алады. Ол аура қалған төртеуіндегіден әлде – қайда ауыр, ал біз команданың ішінде Ардо мен Дэмианның бар екендігін, және олардың өз кезінде келімсектердің Жер ғаламшарына «қонаққа» келместен бұрын да сансыз өлім мен өмірдің арасындағы шайқастарға қатысқандықтығын ұмытпауымыз керек.

Алматы қаласының қазіргі күнгі кейіпі өзінің 12 жылғы кейпіне ұқсамайды: жаңа ғимараттар мен географиялық өзгерістер. Егер соғысқа дейін осы ғимарат орналасқан координатасын ортаңғы сақинаға орналастыратын болсақ, қазіргі таңда оны қаланың сыртқы бөлігінде орналасты деп айтуға болады. Қаланың бұрыңғы сыртқы сақинасы өмір сүруге жарамсыз болып келеді: көптеген ғимараттар жартылай немесе толықтай сынған; жер мен ауа әртүрлі химикаттар мен радиационды заттармен уланған; көптеген тиктаникалық плиталары жылжыған, ажыраған, және тұрақты емес болып келеді. Бұндай әсерлердің барлығы соғыс жылдарындағы келімсектердің қалаға шабуылына қарсы қорғаныстың әсерінен болды: шабуылға қарсы тойтарыс беру кезінде орталық пен орта сақинаға қарағанда сыртқы сақина әлде қайда зақымданған, және осы да неге ол жердің әлі күнге дейін өмір сүру ұшін жарамсыз екендігін түсіндіреді.

Бүкіл топтың осы ойын – сауда кешенінде болуының себебі бар. Қарсылық күштерінің жасырын ақпаратына сүйенсек, дел осы кешеннің үстінен жатжерліктердің дилегатциясы ұшып өту керек.

Сегізінші бөлім: Жат

Жоспар өте қарапайым. Ең алдымен Вероника жазған программасы арқылы жатжерліктердің қосылып алған жасанда жер серіктерінің осы аймақты бақылайтынынын басқару арқылы ұшқыш аппараттың кері қайтып бара жатқандай бейнесін көрсетеді.

Содан кейін МИКМАК – тың полярлы сингулярын өзгерту, ал ол өз кезегінде арқылы электронды құрылғыларға белгілі сферада кедергі келтіру арқылы аумақты жасырмайды, тек жәй ғана сәулеленген импулсті толқын шығару арқылы сәуле бойындағы барлық электронды құрылғылардың ішіндегі электрондардың жылжуын хаусты жылжытуға итермелейді. Қарапайым тілмен айтқанда, құрылғыларды істен шығарады. Егер құрылғы дұрыс жұмыс жасаса, онда келімсектердің транспорты да, экзоскелеті де, байланыс және өзге де құралдары да істен шығу керек.

Үшіншіден, шаттлдың құлаған орнын тауып, сол жерге команда мейлінше аз уақытта барып үлгеру керек.

Ең соңғысы, экзокостюмнен келімсекттің дене мушесінің бөлігін алу, және зертханаға жіберу керек.

Сөзбен айтқанда жоспар шын мәнінде өте қарапайм сияқты көрінеді. Алайда, жоспардың іске асуы – аспауы белгісіз. Себебі бұл жоспардағы әрбір бөлігі жоспардағыдай іске аспау мүмкін, өйткені бұл жоспар өте қарапайым болғанымен, сонымен қатар ол өте қауіпті әрі тек теория жүзінде ғана орындалатын қадамға жатады. Бұған бірнеше себептер бар. Егер оларды нақтылап айтатын болсақ:

Ең алдымен кодтың іске аспай қалуы да мүмкін. Әрине, осыған дейін Вероника талай рет келімсектердің программаларын бұзған болатын, алайда, ол программалардың барлғы дерлік көбінесе адамдардың жазған программаларына сүйене жазылған кодтармен қамтамасыздандырлған болатын. Қазіргі пайлананылатын код жаңартылған әрі жетіс дамытылған, бірақ жасанды жер серіктерінің қолданатын кодтары келімсектердің қолымен жасалған өте қиын код.

Келесі сатыда МИКМАК – тың шаттлға теория жүзіндегідей әсер етері әлі белгісіз. Келімсектердің аппараттарына кез – келген ЭМИ шығарушы құрылғылар әсер бере алмады. МИКМАК айтарлықтай жаңа құрылғы, оның ойлап табылғанына 3 жылдан сәл астам уақыт өтті. Сондықтан оның шаттлға практика тұрғысында қандай әсер берері белгісіз.

Үшіншіден, шаттлдың құлаған жерінің алыс болуы немесе геологиялық тұрақсыз орынға түсуінің әсерінен оның жер астына түсіп кетуімен табылмай қалуы. Тіпті, табылғанның өзінде, ол жерде жатжерліктердің болмауы мүмкін.

Ең соңында, келімсектердің дене мүшесі қандай болатындығы туралы ешкім білмейді. Олардың дене мүшелері гуманоид тәріздес болмауы мүмкін, тіпті болған жағдайда, денесі тастан, металлдан немесе өзге де қатты материалдан жасалған болуы мүмкін, яғни дене мүшесінен бөлігін алуға мүмкіндік болмауы мүмкін. Немесе бәрі одан да нашар болуы мүмкін: олардың апоморфты белгісі бойынша физикалық денесі болмауы мүмкін, немесе газ тәріздес болуы мүмкін, тіпті олар виртуалды болуы да мүмкін.

Алайда, егер алғашқы үш сатысы дұрыс жүзеге асса, онда соңғы сатысы бойынша қобалжымауға болады. Себебі, егер келімсектердің анатомиясы газ тәріздес болса, онда МИКМАК қолдану арқылы бас ғарыштық шаттлына шабуыл жасау арқы экзокостюмдерін істен шығарып, денелерін арнайы контейнерге немесе өзге сол сияқты ыдысқа сақтауға болады, содан кейін оларды қалай залалсыздандыруға болатынын ойлап табуға уақыт көбірек болады.

Ал егер олар виртуалды болса, онда экзокостюм істен шыққан кезде келімсектер де «о дүниелік» болып кетеді.

Егер де жатжерліктердің анатомиялық ерекшелігіне байланысты оларды қарапайым әдіспен жарақаттауға болмайтын болса, онда белгілі бір ерітіндінің жатжерліктердің денесіне әсерін сол жерде анықтауға болады. Неге дәл сол ерітінді? Қарсылық күштері жатжерліктердің жердегі серверлерінің ішінен кейбір мәліметтер алды, және солардың ішінен саусақпен санарлықтай сөзді декодтай алды. Солардың ішінде ерітіндінің формуласы шықты.

Бірақ бұның да теріс жақтары жоқ емес. Тіпті біз ол формулашы декодтай алсақта, оның келімсектердің денесіне қандай әсер берерін білмейміз.

Және ең жаманы, экзокостюм бос болуы да мүмкін.

Тоғызыншы бөлім: Қонақ

Әрбір жарты жыл сайын келімсектердің ішінен жер ғаламшарындағы әлі күнге дейін дұрыс функциональды түрде жұмыс жасай алатын елдердің ішіндегі бас державалардың біреуімен кездесіп, келісімдер жүргізеді. Жер бетінде ондай елдер саны алтау. Олар: Үндістан, Бразилия, Канада, Австрия, Нигерия, және Қазақстан. 4 жыл бұрынғы келісім шарт бойынша келімсектердің делигатциясы әрбір цикл сайын аталған елдердің біреуіне келуге міндетті. Әрбір келген делигатцияда келімектердің тірі өкілі болуға міндетті. Оның тірі екенін тексеру үшін бірнеше сатыдан тұратын сынақтардан өту керек. Бұл сынақтар өзінің атқару керек міндеті бойынша әлі күнге дейін сәтсіздікке ұшырамады (кем дегенде сәтсіздікке ұшырағандылығы туралы білдірмеді).

Бұл сынақтар үш сатыдан тұрады:

Ең алдымен келісек «Қара қораптың» («Қара қорап» арнайы материалдан жасалған кубтық пішіндес құрылым) ішіне кіру керек. Теория жүзінде «Қара қорап» кез –келген сырттан келетін сигналдарды өткізбеу керек. Практика жүзінде де өткізбейді. Негізі «Қара қорап» тек адамдардың ғана құралдарының сигналдарын өткізбейді. Бірақ келімсектердің құралдарының да сигналдары өтпейтініне жүз пайыз кепілдік беру мүмкін емес, себебі олардың техникаларын қолданып эксперимент жасай алмайды.

Бірінші саты әрбір кездесу үшін әртүрлі болып жасалады.

Екінші сатыда арнайы пин код теріледі. Ол пин кодтың сандық комбинациялары да әрбір кездесу үшін өзгеріп отырады.

Үшінші сатыда жүргізілетін сынақ та белгісіз болып келеді. Бүкіл әлемде үшінші сатыда болатын сынақ туралы әрбір елде тек бір – бір адамнан ғана біле алады.

Кез – келген «Қара қораптың» ішіне үшінші сатысының орналасқандығын дәлелденбегенше оны іске жібермейді. «Қара қорапты» жатжерлік елші келерден 1 сағат бұрын әкеледі, және қатаң бақылауда ұстайды. Сынақтарды тек бір рет қана өтуге болады, содан кейін бірінші және үшінші сатыны қайттан орналастыруға тура келеді. Егер де сынақтардан адам, келімсек немесе өзге де тіршілік иелері өте алмайтын болса, онда «Қара қораптың» үстінгі сол жағындағы жасыл шам өшіп қалады (жасыл шамның өшіп қалуы «Қара қораптың» дұрыс жұмыс жасамауы немесе тоқсыз екендігі туралы да айтады). Ал егер өтпесе есік ашылмайды. Әрбір саты бірінен соң бірі тізбектеліп орындалады, және кері қайтуға болмайды. Егер де ішіне тірі жан кіріп, шыға алмайын болса, онда есікті екі жағынан да: не іштен, не сырттан ашуға болмайды, тек бұзып қана шығаруға болады.

«Қара қорапты» ойлап тапқан, жөндейтін, және үшінші сатыға арналған сынақты орнататын адамдарға «Инженер» деген атау берілген.

Бірінші сатыға арналған сынақты орнататын адамдарға «Механик» деген атау берілген.

«Қара қорапты» тасымалдайтын, елшінің кіргенін және шыққанын тексеретін, және жасыл шамның жанып тұрғанын тексеретін адамдарға «Бақылаушы» деген атау берілген.

Шын мәніне келгенде «Қара қорап» тек қана уақытша шара ретінде ғана қолдануда. Бүкіл әлемдегі ғалымдар келген елшінің шынымен тірі ағза екенің растайтын жабдықтың жаңасын ойлап табу үшін қарқынды жүмыс жасап жатыр (тіпті ол үшін арнайы жасырын зертхана да бар).

Возрастное ограничение:
12+
Дата выхода на Литрес:
24 июля 2022
Дата написания:
2022
Объем:
50 стр. 1 иллюстрация
Правообладатель:
Автор
Формат скачивания:
epub, fb2, fb3, ios.epub, mobi, pdf, txt, zip