Читать книгу: «Қалқаман – Мамыр»

Шрифт:

ҚАЛҚАМАН – МАМЫР

ШƏКƏРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ
(1858–1931)

Бұл əңгіме 1722 жылы біздің Орта жүз қазағы Сырдария бойында жүргенде болған анық іс. Біздің қазақ қалмақтан жеңіліп, «Ақтабан шұбырынды» болғаннан бір-ақ жыл бұрын. Қалқаман – Мамырдың ісіне ескі қазақтар теріс көзімен қараса да, осы күнгі көңілінің көзі ашықтар жазасыз екенін біліп, дұға қылса керек. Өлгенді тірілтпесем де, өшкенді жандырғандай болсын деп, биыл жүз тоқсан жыл болып, ұмытылған істі алдыңызға қойдым. Бұл əңгіме ақсақал аузынан да қалып бара жатыр. Сол асықтардың өзі кетсе де, ізі жоғалмасын дедім – біздің де ізіміз жоғалатынын ойлап.

 
Өткен іс – ойға күңгірт, көзге танық,
Көрмесе де, білгенге бəрі қанық.
Мың жеті жүз жиырма екінші жыл
Қазақтың Сыр бойында жүргені анық.
 
 
Əнет бабаң – Арғынның ел ағасы,
Əрі би, əрі молла, ғұламасы.
Орта жүзге үлгі айтқан əділ екен,
Сол кезде тоқсан беске келген жасы.
 
 
Кішік деген – бабаңның өз атасы,
Мəмбетей – ол Кішіктің бір ағасы.
Мəмбетсопы, Кішіктің шешесі бір,
Қатаған Тұрсын ханның ханышасы.
 
 
Біздің жетінші атамыз Əйтек деген
Бабаңның бір туысқан інісі екен.
Əйтектің бəйбішеден жалғызы – Олжай,
Тоқалынан – Байбөрі Қалқаманмен.
 
 
«Бəкең» деп атап кеткен Байбөріні,
Бұл сөзім ертек емес, сөздің шыны.
Бір қыз үшін Қалқаман елден кеткен
Соның жайын айтайын тыңда, міні:
 
 
Мəмбетей өсіп, өнді бара-бара,
Сол таптан бір бай шықты жеке-дара.
Сол байдың он бес жасар қызы Мамыр
Əрі сұлу, əрі есті, еркекшора1.
 
 
Онан басқа бала жоқ əлгі байда,
Оны қыз деп еш адам айту қайда.
Байдың көңілі жабырқап қала ма деп,
Жұрт жүрді құда болам дей алмай да.
 
 
Қалқаман қыз айттырмай жүреді екен,
Мамырды жас күнінен біледі екен.
Асықтығын айта алмай іштен жанып,
«Құрбымыз» деп құр ойнап-күледі екен.
 
 
Мамыр жылқы бағады күндіз барып,
Тымақ киіп, қолына құрық алып.
Қалқаман Мамырменен малда жүріп,
Біраз сөз сөйлесіпті, кез боп қалып.
 
 
Жігіт сонда қызға өзін сүйдірмекке,
Асық болса оны да күйдірмекке,
Жұмбақ мысал сықылды бір сөз айтты,
Көңіліндегі мақсұтын түйдірмекке:
 
 
– Ей, Мамыр, адамды Алла жаратыпты,
Хауа Ананы адамға қаратыпты.
Бірін еркек, біреуін əйел қылып,
Екеуінен көп жанды таратыпты.
 
 
Құдай неге қылмаған адамды тақ,
Балаларын өзінен өстіріп-ақ.
Хауа Ананы жаратуда мақсұты не?
Сол арасын білуге ақылым шақ.
 
 
– Ей, Қалқаман, тегі жоқ Құдай жалғыз,
Мұқтаж емес жолдасқа, тіпті армансыз.
Адамзатқа көмексіз, махаббатсыз
Өмір қызық дегенді естен қалғыз.
 
 
Жоқ болса махаббатты бір сүйгенің,
Ойлашы, керегі не дүниенің.
 
1.Еркекшора – еркек балаша киінген қыз (автор).
Возрастное ограничение:
12+
Дата выхода на Литрес:
23 января 2017
Объем:
8 стр. 1 иллюстрация
Правообладатель:
Public Domain
Формат скачивания:

С этой книгой читают